8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  Астана қаласы Жоғары медициналық колледжнде 24 қазан кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 23-27 қазан аралығында "Артық білім кітапта" ағарту апталығы басталды. Колледж қабырғасында аталған апталыққа орай 24 қазан күні 114 бакалавр тобымен "Бірінші таңбалардан қағаз беттерге дейін" атты танымды сабақты оқытушы Несіпбаева З.Ж. откізді. Мақсаты: білім алушыларға алғашқы әріптер мен жазушылардың қалай пайда болғанын зерттеулер арқылы насихаттау, тарихи деректермен ой бөлісу. Білім алушылар "Бірінші таңбалардан қағаз беттерге дейін" атты танымдық сабаққа ерекше қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Олар тарихқа тереңірек үңіліп көптеген қызықты зерттеулер ді талқылады. Көптеген тасқа қашалып жазушылардың сырына қанық болды.

  2023 жылдың 24 қазанда Астана қаласы Жоғары медициналық колледж акт залында 25 қазан Республика күніне орай кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырды.

  Астана қаласы Жоғары медициналық колледжінде 24 қазан кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 23-27 қазан "Артық білім кітапта" ағарту апталығы басталды. Апталықтың алғашқы күні 23 қазанда кітапханашы Омарова А.Т. "Ашық кітапхана" іс-шарасын өткізді. Мақсаты: кітап мұрасын насихаттау, кітапхана қорымен, құнды кітаптармен таныстыру. Кітап оқу мәдениетіне тарту. "Ашық кітапхана" күніне келуші әр оқырманға кітапхана қызметкерлері кітапхана қорындағы барлық мамандықтар саласына арналған арнайы оқулықтар мен және электронды басылымдарға толық мәлімет берді. Сонымен қатар мерзімді басылымдарда таныстырылып, айтылды. Оқу залы, көркем абонемент залдарындаға көркем әдеби кітаптарға да таныстыру жүргізілді. "Ашық кітапхана" күні оқырмандарға жаңа кітаптармен қатар, кітапхана жұмысының жұмыс барысы да көрсетілді.

  04.10.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» директоры К.Ж.Хамзин семинар-тренинг өткізді. 
Ж.Хамзин білім алушыларға «Шылым және денсаулық», «Насыбай және кальян» тақырыбында лекция оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ақпараттық материалдар таратып, денсаулыққа зиянды заттар жайлы презентация ұсынды. Студенттер тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

 

  19.10.2023ж. СӨС туралы білімді қалыптастыру, дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің №3 «Қалалық емхана» ШЖҚ МКК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері А.Нұрмағамбетов колледждің 1 курс студенттері арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңызы айтылды. «Дұрыс тамақтану» бойынша студенттерге ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, бейне-ролик көрсетілді. 

  19.10.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» психологі Ә.А.Темирханова семинар-тренинг өткізді. А.Темирханова білім алушыларға психикалық денсаулықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды. Психикалық денсаулық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес, әр адамның өз әлеуетін жүзеге асыра алатын, әдеттегі өмірлік стресстермен күресетін, өнімді және жемісті жұмыс істейтін және өз қауымдастығының өміріне үлес қоса алатын әл-ауқат жағдайы екендігін айтты. Студенттердің жеке сұрақтарына жауап берді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс