8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Біздің міндетіміз

Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК

Колледждің миссиясы – елорданың  және республиканың еңбек нарығында сұранысқа ие, құзыреттілік көзқарас негізінде бәсекеге қабілетті маандарды даярлау мақсатында халықаралық стандарттарға бағытталған жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.

Көрініс

Біз халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда медициналық білім берудің жетекші ұйымы болуға ұмтыламыз.

Сапа саласындағы стратегиялық мақсаттар

  1. Білім беру қызметтерінің сапасына және оларды ұсыну әдістеріне әсер ететін барлық үрдістерді мақсатты және келісілген басқаруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін ҚР СТ ИСО 9001:2016 талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіру.
  2. Ғылымның, тәжірибенің даму тенденцияларына және нарық сұраныстарының өзгеруіне, инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын қолдануға сәйкес құзыретті көзқарас негізінде білім беру қызметінің мазмұнын үздіксіз шығармашылықпен жетілдіру.
  3. Оқу үрдісін ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін қолдану.
  4. Педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттілік деңгейін және оның қызметін ұйымдастыруды ынталандыру қағидаттары мен әдістерін жетілдіру.
  5. Оқу-материалдық базаны және қызметкерлер мен студенттердің еңбек жағдайларын үнемі жақсарту және жаңарту.
  6. Колледждің барлық бөлімдерінің жұмыс сапасын бақылайтын ақпараттық жүйелерді енгізу.
  7. Колледждің ұйымдастырушылық құрылымын, барлық іс-әрекетті реттеу және оңтайландыру жүйесін үнемі жетілдіру.
  8. Білім беру қызметтері сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі нәтижесінде тұтынушы үшін үлкен тұрақтылық пен болжамдылықты арттыру арқылы колледждің инвестициялық тартымдылығын арттыру.

 

Күтетін нәтиже

Жеке келбетті – жоғары сапалы медициналық білім беру қызметін ұсынатын тұрақты және сенімді оқу орнын қалыптастыру.

  • Сыртқы және ішкі тұтынушылардың қажеттіліктерін алдын-ала қанағаттандыруды қамтамасыз ету.
  • Колледждің барлық қызметкерлері мен оның тұтынушылары үшін бірыңғай, ашық, сапа саласындағы мәселелерді шешудің жалпы қағидаттарына, тәсілдеріне, рәсімдеріне негізделген білім беру қызметтерінің тиімді сапа менеджменті жүйесін құру.
  • Студенттердің қоғамда өзін-өзі ойдағыдай жүзеге асыруы үшін білім, білік және дағдыларды игеру кепілдіктерін ұсыну.
  • Қызметкерлердің біліктілігі, мәдениеті және орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейіне қол жеткізу, студенттерге тұлғалық-бағдарлық көзқарас.

Басшылық менеджмент сапа саясатын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға, оның ережелерін барлық қызметкерлерге жеткізуге және оны бүкіл колледжде ұстануға міндеттеме алады.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс