8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жатақханаға орналасу бойынша хабарландыру 2023-2024 оқу жылы

Жоғары медициналық колледж жатақханасының 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары

Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШМҚ МКК жатақханасы Студенттер кеңесінің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Жатақхана туралы ереже


МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ СТАНДАРТЫ

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығы негізінде:

  1. Конкурстық комиссия жатақханада орын бөлуді осы Қағиданың қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша білім алушының жазбаша өтініші, оның мәртебесін растайтын тиісті құжаттарды қоса беру арқылы жүзеге асырады.

Қажетті құжаттар:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 246 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №11408 тіркелген «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес ұйым орналасқан қалада (елді мекенде) жеке меншігінде тұрғын үй (пәтер, үй) бірлігі жоқтығы туралы анықтама;
  2. Мүмкіндігі шектеулі бала кезден мүгедектер – І және ІІ топтағы мүгедек балалар; ата-анасының екеуінде де немесе ата-анасының бірінде мүгедектігі бар екендігі туралы анықтама;
  3. Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар екендігін растайтын анықтама;
  4. Кәмелеттік жасқа жеткен сәтте ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар, ата-аналары жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектерге теңестірілгендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын «оралмандар»;
  5. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқысы бар отбасы және жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасынан шыққандығын дәлелдейтін анықтама;
  6. Білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкімен аралық шарттарға сәйкес жатақханамен қамтамасыз ету туралы анықтама;
  7. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  8. Сурет 3х4 – 2 дана. 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 200 бұйрығына
2-қосымша

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті жатақханасы бар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жатақхана беру туралы жолдама.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Алдын ала жазу және жедел қызмет көрсету көзделмеген.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйым басшысының атына жатақханадан орын беру туралы өтініш;

2) отбасы болған жағдайда, отбасының құрамы туралы анықтама;

3) ата-анасының (ата-аналарының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі (жетім балалар үшін);

4) отбасында 4 немесе одан да көп баланың болуы туралы анықтама (көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 142-І бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9377 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігін растау туралы анықтама;

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу үшін құқықты растау туралы анықтама немесе жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жоқтығы туралы анықтама;

7) жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін).

Құжаттардың қабылданғанын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, сондай-ақ мөртаңба, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

 

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс