Емдеу іс
09120100 «Емдеу ісі» мамандығы
Практикалық денсаулық сақтауды қамтамасыз ету үшін ересектерге және балаларға өмірге қауіп төндіретін жағдайлар, қайғылы жағдайлар мен жіті аурулар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету, жүкті әйелдерге, босанушыларға, гинекологиялық науқастарға емдік-диагностикалық көмек көрсету және жіті аурулар мен жазатайым оқиғалар кезінде бейініне сәйкес дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ “Жоғары медициналық колледж” МКК-да «фельдшер» және «акушер» біліктілігімен “Емдеу ісі” мамандығы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады.
Оқыту нысаны: күндізгі, бюджеттік негізде.
Оқыту тілі : мемлекеттік, орыс.
Оқыту мерзімі: жалпы орта білім негізінде 2 жыл 10 ай.
Оқыту мерзімі аяқталғаннан түлектерге «фельдшер» біліктіліктерімен медицина қызметкерінің дипломы тапсырылады.
Сертификат алғаннан кейін бітіруші түлектер түрлі медициналық ұйымдарда клиникалық қызметпен айналыса алады.
Колледж тарихы 1935 жылы Ақмола медбикелер мектебі ашылуынан басталады,ал 1948 жылы осы мектеп базасында фельдшерлік, кейін акушерлік бөлімдері ашылады. Аталған біліктіліктерге ие болған мамандар тың игеру жылдары үлкен сұранысқа ие болды. Бітіруші түлектері қаланың және Ақмола облысының медициналық мекемелеріне жіберілді.Олардың көпшілігі өз мамандықтары бойынша бүгінге дейін облыстық және қалалық медициналық ұйымдарында, емханаларда, жедел жәрдем стансаларынды, Перинаталдық орналықтарда, аудандық ауруханаларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде адал еңбек етуде.
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау бойынша Комитетінің Астана қ. Білім беру саласын бақылау бойынша Департаментің 21.01.2014 күнгі №14000667 білім беру қызметімен айналысуына құқық беретін Мемлекеттік лицензиясы (шектеусіз мерзімге) негізінде жүзеге асырылады.
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша 4S09120101 «Фельдшер» біліктіліктерімен негізгі қызметтік іс-әрекетіне сәйкес келетін Білім беру бағдарламасы білім алушылардың келесі құзыреттіліктерге ие болуын есепке алады:
Базалық құзыреттіліктері:
Оқыту
- Өзін-өзі дамыту: ұзақмерзімді оқу, кәсіби өсу дағдыларын меңгереді.
- Ақпарат: ақпараттарды жинайды және талдайды, білімін тәжірибе жүзінде қолданады.
- Компьютерлік технологиялар: ақпараттық компьютерлік технологияларды қызмет барысында және өзін-өзі дамытуда қолданады.
Этика
- Қоғамдық өмірі:қоғамдық өмірге белсене араласады.
- Этикалық принциптер: кәсіби этикалық принциптерді ұстанады.
- Эстетика: қызмет орнының эстетикасын бағалайды және сақтайды.
Қарым-қатынастар және командалық жұмыс
- Қарым-қатынас дағдылары: түрлі жағдайларды есепке ала отырып, адамдармен тиімді қарым-қатынас жасау үлгілерін көрсетеді.
- Командалық жұмыс: түрлі командаларда жұмыс істеудегі жауапкершіліктерін көрсетеді.
Кәсіби құзыреттіліктері:
Денсаулықты нығайту
- Салауатты өмір салты: жеке тұлғалардың, олардың отбасыларының және тұрғындар тобының салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қызметін жүзеге асыру.
- Бақылау: әр түрлі қатерлі топтағы науқастар мен адамдардарды тиімді бақылауды жүзеге асыру.
- Кеңес беру: науқастарды/клиенттерді, олардың отбасыларын денсулықтарын сақтау және нығайту бойынша кеңес беру дағдыларын меңгереді.
Қауіпсіздік және сапа
- Зиянды факторлардан қорғау: адамдар мен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлардың әсерінен қорғау әдістерін қолданады.
- Қауіпсіздік және сапа технологиялары: қауіпсіздік деңгейін көтеру және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін инновациялық технологияларды қолданады.
- Стандарттар: қауіпсіздікті жүзеге асыру және көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес іс-шараларды орындайды. Клиникалық құзыреттілік
Медициналық көмек көрсету үрдісін басқару:
- науқастың отбасы және айналасындағылардың қатысуымен жеке тұлғаға бағытталған әдісті қолдана отырып, оларды диагностикадан өткізу, емдеу және күтуді жүзеге асыру.
- емдеу және түрлі санаттағы науқастарға шұғыл көмек көрсету принциптерін таңдауды меңгереді.
- жүргізілген емдік іс-шаралардың тиімділігін бағалайды.
- ауру түрлері және қиын жағдайларда қарқынды терапия және оңалтудың заманауи әдістерін тәжірибеде қолданады.
Оңалту: тиімді оңалту негізінде науқастың функционалдық қабілеттерін науқастың жақсартады.
Дәлелденген тәжірибе: кәсіби қызметінде дәлелденген медицина тәжірибесін қолданады.
Оқытушылар заманауи үлгіде жұмыс істейді, атап айтқанда: инновациялық технологиялар элементтерін қолдана отырып, өздерін студенттердің қажетті құзыреттіліктерін белсенді түрде өз бетімен алуын қамтамасыз етуін ұйымдастырушы ретінде көрсетеді.
Оқытушылар өз жұмысында келесі инновациялық технологиялар элементтерін қолданады: кредиттік-модульдік 4 (7,5%); компьютерлік 45 (84,9%); пікірталас – 3 (5,6%), проблемалық 25 (47,1%), оқытудың симуляциялық технологиялары 15 (28,3%), сыни тұрғыдан ойлау технологиялары 17 (32%), ақпараттық қарым-қатынас арқылы оқыту технологиялары 47 (88,6%) және т.б. Оқыту әдістері әдеттегі репродуктивті әдіс-тәсілдерден өзгеше, материалды проблемалық түсіндіру, жеке-ізденіс және зерттеу тәсілдері, презентациялар, эссе, тренингтер және іскерлік ойындар, Internet-ресурстарымен жұмыс істеу әдістері кеңінен қолданылады.
Әлеуметтік серіктестіктің негізгі міндеті колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы және жұмыс орындарында тұрақтануын ұйымдастыру болып табылады. Колледжде түлектердің жұмыс орнында тұрақтануына байланысты жұмыстар келісімшарт уақыты аяқталғанға дейін жалғасады. МҰ басшылары «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген түлектердің теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана алуына, кәсіби құзіреттіліктері деңгейінің қалыптасуына жоғары баға береді.
Білім беру қызметін жүзеге асыру барысында қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдер мен технологиялар тиімділігі білім алушылар, жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнамалар нәтижелерімен және жұмыс берушілердің берген пікірлерімен дәлелденуде. Сауалнама қорытындысы бойынша: білім алушылардың оқу үрдісімен қанағаттануы – 100%, ал жұмыс берушілер түлектердің қалыптасқан кәсіби құзыреттіліктерінің өте жоғары деңгейін атап өтті.
Жас мамандардың жұмыс орындарында үнемі өздерінің біліктіліктерін көтеріп, түрлі тәжірибелік конференцияларға қатысып, кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында арнайы әдебиеттермен жүйелі түрде жұмыс істейтіндігін атап өтіледі. Жұмыс берушілердің пікірлері бойынша, түлектер науқастармен қарым-қатынасқа түсуде кәсіби этика ережелерін сақтауға дағдыланған, жұмыс тәртібін бұзу жағдайлары кездеспеген. Жұмысқа орналастыру қызметі үнемі еңбек нарығындағы емдеу ісі мамандарына деген қажеттілікке қатысты мониторинг жүргізіп отырады.
«Емдеу ісі» мамандығы бөлімінің студенттері әр түрлі қалалық, республикалық, халықаралық ғылыми-зерттеу коференцияларына, Халықаралық студенттер форумдарына, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, «On line» тәртібіндегі конференцияларға, жобаларға, дөңгелек үстел жұмыстарына белсене қатысады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптары кәсіби қызметтеріне, тәжірибелік денсаулық сақтау саласының заманауи мәселелеріне қатысты өзектілікке ие.
Студенттердің клиникаға дейінгі дайындығы колледждегі арнайы пәндер кабинеттерінде өтеді. Соңғы жылдары арнайы пәндер кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен, арнайы симуляторлар, муляждар, тренажерлармен толық қамтамасыз етілді.
2014 жылдан бастап Жоғары медициналық колледж базасында акушерлік және гинекология, терапия, педиатрия, хирургия, медбикелік күтім, тәжірибелік дағдыларды пысықтау үшін қажетті заманауи симуляциялық жабдықтармен жабдықталған өңірлік симуляциялық орталық жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты денсаулық сақтау саласындағы мамандарды үздіксіз кәсіби дамыту және шұғыл көмек көрсету бойынша олардың практикалық дағдыларын жетілдіру болып табылады.
ҚР ЖМББС сәйкес студенттердің тәжірибелік оқытуын ұйымдастыру оқу үрдісінің құрамды бөлігі болып табылады. Колледжде оқу, оқу-өндірістік , клиникалық және кәсіби тәжірибеден өткізу (ОӨТ,ОТ), жұмысқа орналастыру бойынша қызметін оқу-өндірістік жұмыс бойынша бөлім қызметі ұйымдастырады. Кәсіптік практиканы өткізудің ұзақтығы мен мерзімі оқу жоспарларымен айқындалады. Практикадан өту орындарын анықтауды колледж Астана қаласының медициналық ұйымдарымен тікелей байланыс негізінде жүзеге асырады. “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын” орындау мақсатында және ҚР МЖМБС талаптарына сәйкес колледж бен 18 Медициналық ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы шарттар мен меморандумдар жасалды. Қалалық жедел медициналық көмек станциясы” “№ 1 қалалық аурухана”, “№ 2 қалалық көпбейінді аурухана”, “№ 1 қалалық балалар ауруханасы”, “№ 2 қалалық балалар ауруханасы” , “Онкологиялық диспансер” , “Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы”, “№ 2 Перинаталдық орталық”, “№ 5, 6,7,8, 9,10 қалалық емханалар”, , ҚР ДСМ “Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты” РМК, “Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығы” АҚ», “Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығы” АҚ, “қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме” КММ.
Фельдшер мамандығы өте жауапты және маңызды, өйткені оларға адам өмірін сақтап қалатын алғашқы шұғыл көмек көрсетуге тура келеді
Адамдарға медициналық қызмет көрсетумен байланысты кез келген мамандық сияқты фельдшер мамандығы қызметкерлерден өз-өзіне жауапты болу, шыдамдылық, ілтипат, тепе-теңдік, күрделі, стандартты емес жағдайда және уақыт тапшылығы жағдайында тез және дұрыс шешім қабылдай білу сияқты жеке қасиеттерін талап етеді.