+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
10 қыркүйек - Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК студенттер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл күннің мақсаты – қоғамда психикалық денсаулыққа назар аударту, суицид мәселесіне байланысты түсіністі арттыру және қиындыққа тап болған адамдарға қолдау көрсету. Әлем бойынша жыл сайын миллиондаған адам өз өміріне қол жұмсауға тырысады, сондықтан дер кезінде көмек пен жанашырлық үлкен рөл атқарады.
Әрбір әңгіме, әрбір қолдау – біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Бұл күн – үміт пен қамқорлықты бөлісетін, жалғыз емес екенімізді еске салатын күн.
«Өмір – қымбат, бәрінен өмір қымбат...»