Жастар ісі жөніндегі Комитет
Жастар ісі жөніндегі комитеттің 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Жастар істер жөніндегі комитеттің 2023-2024 JASTAR.KZ жобасына арналған жоспары
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жастар саясаты жастардың әлеуметтік- экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларын жасау және жастарды мәдени, білімділік, кәсіби тұрғыда қалыптастыру және дене тәрбиесін дамыту, барлық қоғам мүддесінде оның шығармашылық мүмкіншілігін ашуға кепілдік беру мақсатында іске асырылады.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі міндеттері:
- Шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау және білім беру процесін жақсартуға ықпал ету, колледж студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
- Колледж студенттерінің материалдық және тұрмыстық күйін жақсарту үшін жағдай жасау, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.
- Колледж студенттерінің мүдделерін білдіру.
Жастар ісі жөніндегі комитет қоғамдық жастар ұйымдарымен тығыз қарым –қатынаста жұмыс жасайды: «Жас Отан» жастар рухы, Астана қаласы Жастар саясаты басқармасы, «Мейірімділік-М» қайырымдылық қоғамдық қоры.
Колледжде «ВМК» пәндік секциялар, жатақхананың студенттік кеңесі жұмыс жасайды.