8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

2023-2024 оқу жылы

          Колледж келесі нормативті-құқықтық актілер негізінде оқу-әдістемелік қызметін жүзеге асырады. 

  • 27 маусым 2007 ж.  № 319-III  «Білім беру» туралы ҚР Заңы 
  • 27 желтоқсан 2019 ж. № 293-VІ «Педагог мәртебесі»  туралы ҚР Заңы 
  • 29 қараша 2007 ж. №583 ҚР БҒМ Заңы  «Білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жүргізу туралы».  
  • 21 желтоқсан 2007 ж.  №644 Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі»; «Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметінің үлгілік қағидалары және оны таңдау тәртібі»;
  •  «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы;
  •  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 «Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережелері мен шарттары» бұйрығы және т.б.

Колледждің оқу-әдістемелік жұмысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы No583 бұйрығына сәйкес оқу-әдістемелік бөлімі жүзеге асырады.

Колледждің әдістемелік тақырыбы:  Кредиттік-модульдік технологияны енгізу кезінде оқу үрдісіндегі оқытудың инновациялық әдістері

Негізгі мақсаты: Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру және кәсіби-педагогикалық деңгейлерін арттыру.

Міндеттері:

- Оқытушының кәсіби дамуы

-Оқу процесінің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету

-Оқушылардың кәсіби қасиеттерін дамыту.

Бөлім  құрылымында колледждің 4 пәндік циклдік комиссиялары жұмыс істейді: жалпы гуманитарлық пәндер циклі, жалпы кәсіптік пәндер циклі, №1 арнайы пәндер циклі, №2 арнайы пәндер циклі.

          2023-2024 оқу жылында  колледжде 98 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде: 2 медицина ғылымдарының кандидаты (2%),  13  магистрлер (15 %), 19 мейіргер ісі бакалавры (20%), 4 педагог-зерттеуші (4%),  7  жоғары санатты оқытушылар – (8%), 6 оқытушы бірінші санатты (7%), 7 педагог-сарапшы ( 8%), 5 екінші санатты оқытушылар (6%), 7 педагог-модератор (8%). Жалпы санаттылық көрсеткіші – 52%, жоғары, бірінші санат, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы  үлесінің  санаттық көрсеткіші - 40%.

Жас педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және жеке іс-әрекет стилін дамыту мақсатында «Жас оқытушылар мектебі» жұмыс істейді. Белгілі бір қиындықтар мен бейімделу үдерісін жеңу үшін жас мұғалімдер тәжірибелі ұстаз – тәлімгердің бақылауында болады.    ЖОМ сабақтары нұсқаулықтан (ішкі тәртіп ережелерінен), содан кейін мұғалімнің іс-әрекетін жобалаудан, оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етумен (жұмыс оқу бағдарламаларын, сабақ жоспарларын және дидактикалық материалдарды әзірлеу технологияларымен) таныстырудан басталды.

08.02.2024 жылы  педагогикалық кеңес отырыс өткізілді.

 Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. ҚР ИСО 9001-2016 СТ талаптарына сәйкес белгіленген нәтижелерге қол жеткізу. Колледждегі қысқы сынақ-емтихан сессиясының қорытындылары туралы және 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне арналған міндеттер.
  2. 2023 жылға медициналық колледждің қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебі.
  3. Аттестациядан өтетін оқытушыларды аттестация рәсіміне жіберу туралы.
  4. Әр түрлі сұрақтар.

Бірінші сұрақ бойынша бөлім меңгерушілер І жартыжылдық бойынша аралық аттестацияның есебін берді. 

Екінші сұрақ бойынша  бас есепші 2023 ж. қаржы-шаруашылық қызметі туралы есебін берді.  

Үшінші сұрақ бойынша оқу-әдістемелік бөлім басшысы аттестациядан өтетін оқытушылар туралы мәлімдеме беріп, аттестация рәсімінің   өтуіне оқытушылардың жетістіктерін ортаға салды. 

2024 ж. 25 қаңтар айында колледжде  «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру» тақырыбында Астана қ. Әдістемелік орталық әдіскерлері семинар  өткізді.  Барлығы 39 оқытушы қатысты.

      Семинар бағдарламасы:

  1. Тренинг. «ТжКББ ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізі бағыттары».  Сейдахметова Б.К. 
  2. «Педагогтердің авторлық материалдары: сараптама үлгісі». Давлетбаева Р.К.
  3. Мастер-класс: «Педагог құзыреттілігінің бір қыры – сандық технологияларды қолдану» Мылтыкбаева Ж.Т.
  4. Пікір алмасу. Кері байланыс. Сейдахметова Б.К.

 

    2024 ж.  17 қаңтар күні  Жас оқытушы мектебі аясында оқыту семинары өтті. Семинарда жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Мусажанова М.К. өз тәжірибесімен бөлісті. Арнайы пәндер оқытушысы Кошаева П.К. сабақ берудегі әдіс тәсілдерімен таныстырып өтті.

         11-12 қаңтар  2024 ж. колледжде «Жас балалар мен жүкті әйелдерді патронаждық   әмбебап прогрессивті үлгісі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді. Бұл тәжірибеде дәлелденген жоғары деңгейдегі дәлелді тиімді технология болып есептеледі.   Семинар  мейіргерлерді  жаңа патронаждық модель идеяларын тереңірек түсінуге үйрету және енгізу кезінде қателердің алдын алу мақсатында.арнайы пәндер оқытушыларына өткізілді. Семинарды өткізген УПМ бойынша Ұлттық тренер  Жаупанова Зубайда Жумабековна.  

         2023 ж. 28  желтоқсан  күні  колледжде әдістемелік кеңес отырысы өтті.  Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастылды:

  1. Аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындылау. Баяндаушылар: Ахметова Г.Б., Рахманбердыева З.Х.,  Копбаева Е.Н.                                                                                                
  2. «Үздіксіз медициналық білім беру жүйесінің инновациялық дамуы». Біліктілікті арттыру бөлімінің жұмыс есебі. Баяндаушы Байленов А.Е.
  3. Оқу үрдісінде критериалды бағалау жүйесін  қолдану. Баяндаушы: Тлеужанова А.Б.
  4. Құқықтық оқулар «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы   № 506 бұйрығы.  Баяндаушылар: Сулейменова С.Н, Жаупанова З.Ж.                                                                                                                                                           

 Отырыс барысында   оқылған  баяндамалар  бойынша  сұрақтар көтереліп,  талқыланды.                                                            

   

Жаратылыстану – ғылыми, әлеуметтік – экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының 2023-2024 оқу жылының 11-23 желтоқсан аралығында «Игіліктің барлығы-ғылымда, ұлылық -танымда» атты 10 күндік марафон өткізілді. Жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізілді.

 

     

2023 ж. 08 желтоқсан айында Жамбыл жоғары медициналық колледждің ұйымдастыруымен «Үздік оқу-әдістемелік кешен» атты республикалық конкурс өткізілді. Колледж атынан арнайы пәндер оқытушылары: Жиеналина Б.А., Джантемирова Е.К., Аренова М.Б., Бекболқызы А. Нәтижесінде, Бекболқызы Айсауле  І дәрежелі дипломымен маратапатталды. Қалған оқытушылар алғыс хатқа ие болды.

2023 ж. 07 желтоқсанда Жоғары медициналық колледж 22     «Мейіргер ісі»  және  22  «Стоматология»  топтарының студенттері   онлайн форматында Омбы мемлекеттік медициналық университетінің ұйымдастыруымен  «Ұлы Отан соғысының батырлары» атты  Халықаралық  ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Қатысушы студенттердің жетекшілері – әлеуметтік-экономикалық  пәндер оқытушылары: Акбергенова А.И., Сулейменова С.Н., Курмашев Б.Н. 

Студенттер  Еліміздің Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен батырлар туралы зерттеу жұмыстарын дайындап,  баяндама жасады. Конференция барысында өзекті сұрақтар көтеріліп, талқыланды. Конференция жұмысы өз мәресіне жетті.

         2023 ж. 30 қараша  күні  колледжде педагогикалық кеңес отырысы өтті.  Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:

  1. Мамандардың жаңа моделін даярлау және қалыптастыру үрдісінде психологиялық-педагогикалық сабақтастыққа жағдай жасау. І курс студенттердің  жаңа оқу орнына бейімделу туралы. Баяндамашы: Кулахметова Р.М. – колледж психологі.                                                                                                       
  2. Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. Баяндамашы: Ахмет К.Ы.
  3. Оқу үрдісіндегі цифровизация. «Platonus» ААЖ, ҰББДҚ (НОБД) туралы ақпарат.                                                                                       
  4. Әр түрлі сұрақтар.

Отырыс барысында   оқылған  баяндамалар  бойынша  сұрақтар көтереліп,  талқыланды.                                                    

2023 ж. 22.11 – 10.12. аралығында   Атырау жоғары медициналық колледждің ұйымдастырумен  «Мейіргер ісі негіздері» пәні бойынша «Үздік оқу жұмыс бағдарламасы» атты республикалық  конкурс өткізілді. Колледж атынан келесі арнайы пәндер оқытушылары қатысты: Жиеналина Б.А., Джантемирова Е.К., Аренова М.Б., Бекболқызы А. Нәтижесінде, Жиеналина Бахыт Аиповна І дәрежелі дипломымен маратапатталды. Қалған оқытушылар алғыс хатқа ие болды.

2023 ж. қазанның 12 күні Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Замануи  сабақтың  талаптары.  Негізгі  кезеңдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Жалпы білім беру пәндер оқытушысы Боккарина К.Б. «Критериалдық бағалау» тақырыбында  және  жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Тургынова Ж.О. «Замануи сабақты өткізудегі қойылатын талаптар, негізгі кезеңдер» тақырыбында  баяндамалар оқылды.

Семинар барысында  сабақтың құрылымы, сабақ әдістері, сабақ түрлері және бағалау критерийлері бойынша саұрақтар көтерілді.

         2023 ж. қарашанның 15 күні  Астана қ. әкімдігінің  «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК  Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті.

          Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тиімді әдістер мен нысандарды пайдалану арқылы сапалы білімге қол жеткізу.

Жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы  Жакупова М.О.  «Бақылау сұрақтарының әр түрлі нысандары және өткізу әдістері» тақырыбында баяндама оқыды. Оқытушы сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігін, яғни білім алушылардың ойлау дағдыларын дамытуға,   ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына  қол жеткізетіні туралы айтты.Сабақ аясында бақылау сұрақтарының  тиімді және нәтижелі әдістерді қолдану жолдарымен бөлісті.

Колледж психологі  Кулахметова Р.М.  «Білім алушылармен қарым қатынасты орнату» атты тренинг өткізді. Студенттің қарым-қатынас дағдылары мен икемділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік психологиялық қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, студенттермен жағымды қарым-қатынас позициясын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады деген ойымен бөлісті.

2023 ж. 12 қазан күні Жас оқытушы мектебі жоспарына сәйкес «Замануи  сабақтың  талаптары.  Негізгі  кезеңдері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

     Жалпы білім беру пәндер оқытушысы Боккарина К.Б. «Критериалдық бағалау» тақырыбында  және  жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Тургынова Ж.О. «Замануи сабақты өткізудегі қойылатын талаптар, негізгі кезеңдер» тақырыбында  баяндамалар оқылды.

Семинар барысында  сабақтың құрылымы, сабақ әдістері, сабақ түрлері және бағалау критерийлері бойынша саұрақтар көтерілді.

2023 жылдың қазан айында Астана  қаласы техникалық және кәсіптік  білім беру ұйымдары педагогтерінің  инновациялық жұмыстары қалалық байқауы өтті.  Байқауға колледжден 7 оқытушы қатысты: 2023 жылдың 09 қараша күнінің хаттамасына сәйкес  ІІ орынға ие болған  педагог-психолог Кулахметова Р.М. Желтоқсанның  8 күні  Әдістемелік орталығында  Марапаттау рәсімі өтті. 

 

2022-2023 оқу жылы

Оқу-әдістемелік жұмыс бұрыннан барларын дамытып жетілдіруге, сонымен қатар оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырудың жаңа принциптерін, формалары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге бағытталған. Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты – оқытушыларға олардың кәсіби шеберлігін шыңдауға әдістемелік көмек көрсету және осының негізінде оқу үрдісін жетілдіру және дамыту үшін оқу-тәрбие жұмысын түзету. Колледждің әдістемелік тақырыбы: «Кредиттік-модульдік технологияны жүзеге асыруда оқу үрдісіндегі оқытудың инновациялық әдістері». Негізгі мақсат: оқытушылардың ғылыми-әдістемелік дайындығын жетілдіру және кәсіби-педагогикалық деңгейін көтеру. Міндеттері: оқытушының біліктілігін арттыру, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, студенттердің жеке басының кәсіби қасиеттерін дамыту. Әдістемелік қызмет жұмысының негізгі бағыттары: ұйымдастыру-педагогикалық, оқу-әдістемелік, сараптамалық-диагностикалық.

Колледжде әдістемелік жұмысты 4 ЦӘК жүргізеді: №1, №2, арнайы пәндер ЦӘК, жалпы кәсіптік пәндер, жалпы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары, әлеуметтік-экономикалық пәндер ОӘК. Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы колледждің, ОӘК, педагогикалық-әдістемелік кеңестер, жас педагог мектебі, озық тәжірибе мектебі  жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Жас педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және жеке іс-әрекет стилін дамыту үшін ЖПМ жұмыс істейді. Белгілі бір қиындықтар мен бейімделу үрдісін жеңу үшін жас оқытушылар тәжірибелі ұстаз – тәлімгердің бақылауында болады. Сабақта оқытушының іс-әрекетін жобалау, шығармашылық әлеуетін анықтау, заман талабына сай оқыту технологиясын таңдау мәселелері қарастырылады. Жаңадан бастаған жас оқытушыларға арналған семинар-тренингтер, шеберлік сыныптары, бейімделу бойынша психологиялық тренингтер, инновациялық технологияларды қолдану тиімділігі бойынша тренингтік вебинарларын Білім беру жаңғырту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының жаңғырту орталығы ұйымдастырады. Әрбір оқытушы үшін оқу-тәрбие жұмысын, оқу-әдістемелік жұмысты, оның ішінде ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, әдістемелік әзірлемелерді, басылымдарды шығаруды қамтитын оқытушылардың өзін-өзі тәрбиелеуінің жеке жоспарлары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, біліктілігін арттыру, сыныптан тыс жұмыстар әзірленді. Оқытушылардың барлық қызметі колледждің миссиясына, мақсаттарына және міндеттеріне сәйкес келеді. ЦӘК оқу жылының соңында оқытушылардың жеке өзіндік білім алу жоспарларының орындалу сапасы туралы есептерін қарайды, рейтингтік картаны қорытындылайды, оқытушының  кәсіби, педагогикалық деңгейі туралы ұсыныстармен қорытынды жасайды (әдістемелік кеңестердің хаттамалары), ЦӘК отырыстарының хаттамалары).

Оқу үрдісін белсендірудің бір жолы – тиімді білім беру технологияларын енгізу. Оқытушылар  оқытудың интерактивті әдістерін, ынтымақтастық технологияларын, проблемалық оқыту және сыни тұрғыдан ойлау технологияларын пайдаланады. Клиникалық пәндерді оқуда студенттердің оқу белсенділігін арттыру үшін «нақты жағдайлар» әдісі қолданылады: жағдаят-проблема, жағдаят-бағалау, жағдаят-иллюстрация, ауру тарихын талдау, алгоритм бойынша іс-әрекеттер. Практикада имитациялық оқыту қолданылады, «динамикалық тапсырмалар» әдісі, оның шешімі клиникалық ойлауды дамытады, студенттерді тез дұрыс шешім қабылдауға үйретеді және олардың болашақ кәсіби қызметіне жақындатады. Оқытудың белсенді түрлерін пайдалану студенттердің білім, білік және дағды деңгейіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткізеді.

Педагогтар «Өрлеу» білім беру және оқыту ұлттық орталығында, «Талап» ҰАҚ-да және басқа да білім беру орталықтарында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері», «Білім беру үдерісіне ІТ-технологияларды енгізу», «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес» және т.б. тақырыптары бойынша біліктіліктерін арттыру арқылы кәсіби деңгейлерін арттыруда.

Колледжде әдістемелік жұмысты 4 циклдік әдістемелік комиссиялар жүргізеді:

  • №1, №2 арнайы пәндер ЦӘК
  • Жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК
  • Жалпы гуманитарлық және жаратылыстану ғылыми, әлеуметтік-экономикалық пәндер циклі

Цикл комиссияларының өзіндік қызмет бағыты бар және бір мезгілде колледждің «Кредиттік-модульдік технологияны енгізуде оқу үдерісіндегі инновациялық оқыту әдістері» атты бірыңғай әдістемелік тақырыбын жүзеге асырады.

Оқытушылардың сапалық құрамы

31.08.2022 ж. колледждің педагогикалық кеңес отырысы өткізілді

12.09.2022ж. жас оқытушы мктебінің отырысы өткізілді

22.09.2022ж. Колледждің әдістемелік кеңес отырыс өткізілді 

27.10.2022ж. әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

2022 жылдың қазан айында инновациялық жұмыстардың қалалық байқауы өтті

2022 жылдын қыркүйек-қазан айларында қалалық «Үздік педагог» байқауы өтті

«Үздік жас маман» байқауы

 

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс