Кітапхана қоры туралы
Кітапхана қоры
Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді
Нұрсұлтан Назарбаев
Кітапхана колледждің оқу–тәрбие үрдісіне қатысатын, маңызды да қажетті құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Тұғырлы құндылықтардың бірі сөз және ақпараттар еркіндігі болып табылатын заманауи қоғамды қалыптастыру жағдайында, кітапхана оқырмандарының еркін түрде ақпараттаралуын қамтамасыз ететін маңызды каналдардың бірі болып табылады.
Кітапхананың негізгі міндеті–оқу орнының бағытына сәйкес оқу үрдісіне ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
Біз тек оқу үрдісін ғана қамтамасыз етіп қоймаймыз, сондай-ақ студенттердің ой-өрісін кеңейтуіне және өздігінен білімін көтерумен шұғылдануларына жағдай жасаймыз.
Кітапхананың оқу әдебиеті және көркем әдебиет абонементтері, 32 орынға шақталған оқу залы және кітап қоймасы бар. Кітапхана қоры колледждің оқу үрдісінің жоспарымен оқулықтармен қамтамасыз ету нормаларына сәйкес қалыптасады, 2023-2024 оқу жылының есебі бойынша кітап қоры – 73 100 дананы құрайды.
Жаңа ақпараттық технологиялар және заманауи ақпараттық- техникалық және коммуникативтік деңгей, кітапхана қызметкерлеріне ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетудің белсенділігі мен нәтижелілігін көтеруге мүмкіндік береді.
Көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру мақсатында, сабақтарды, сынып сағаттарын өткізу, әдістемелік құралдар жасау, жарыстарға қатысу, баяндамалар, рефераттар жазу т.б. дайындауға қажетті ақпараттар іздеу барысында кітапхана қызметкерлері заманауи электрондық технологияларды қолданады.
Қолледжде электрондық тізбе және гәзет-журналдарда басылған мақалалар тізімдемелері жасалған.
Компьютерлік технология – заманауи кітапхана бейнесін құрудың қажетті бөлігі боп табылады. 2010 жылдың қазан айынан коллежд кітапханасына «Кітапханалық іс» ақпараттық-кітапханалық жүйе енгізілген, 2023 жылдың қаңтар айында бағдарлама жаңартылды. 2018 жылдың қаңтарынан экспертті –құқықтық ҚЭДХО – Қазақстан: ACTUALIC – медицина, ACTUALIC – білім порталына енуге рұқсат берілген, 2018 жылдың мамырынан «Боткин» ішкі аурулар 3D конструктор бағдарламалық кешені енгізілген.
Мерзімдік басылымдарға жазылу жүйелі түрде жүргізіледі, бүгінгі күнге 19 басылымға жазылдық.
Кітапханада интернетке шығу құқығы мен компьютерлер орнатылған. «Кітапханалық іс» бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жыл сайын кітапхана қоры айтарлықтай жаңа әдебиеттермен толықтырылады.
2022- 2023 оқу жылының басында 4 816 800 тенгеге 525 дана жаңа әдебиет сатып алынды. Кітапхана қорын клиникалық пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтармен толықтыру басты назардағы мәселе.