Медициналық пункт
Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МҚКК-да
медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Медициналық пункттің қызметі 2022 жылдың 30 қарашадағы №22022516 дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Медициналық пункттің негізгі міндеттері болып табылады:
- жалпы және жұқпалы аурулардың, мүгедектіктің, өлімнің алдын алу мен азайтуға бағытталған алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету;
- салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шараны ұйымдастыру және өткізу;
- студенттерге санитарлық-гигиеналық тәрбие беру;
- әскерге дейінгі және әскер жасындағы бозбалалардың психофизикалық дайындығы деңгейін арттыру;
- жастардың репродуктивті денсаулығы деңгейін арттыру.
Медициналық пунттің қызметін жүзеге асыру үшін мейірбике лауазымы енгізілді, оның «Жалпы тәжірибедегі мейірбике» сертификаты бар.
Медициналық пунктте (жалпы ауданы 38,6 шаршы метр) 3 кабинет бар:
- қабылдауға арналған;
- процедуралық;
- изолятор.
Кабинетте медбикенің жұмыс кестесі бар, ол №3 студенттік емхана мен «Astana Clinic» ЖШС профилактикалық жұмысына негізделген.
2023 жылдың мамыр айында колледж «D» есебінде тұрған студенттерді медициналық тексеруден өткізді:
1.Анемия – 11 адам.
2.Созылмалы гастрит - 1
3.Бронх демікпесі – 1
4.Созылмалы пиелонефрит – 1
5.Ревматизм – 1
6.Қант диабеті – 3
7.Басқалары – 10
Теміртапшылық анемиямен ауыратын 18 жасқа дейінгі оқушылар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Студенттер флюорографиялық тексеруден кесте бойынша өтті: 2024 жылдың қаңтарында – 125 адам.
2023 жылдың 1 қыркүйегі мен 2023 жылдың 31 желтоқсаны аралығында медициналық пунктке студенттерден 573 өтініш түскен. 2024 жылдың 26 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында – 65 студент өтініші. Көрсеткіштер бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетілді.