2024 жылдың 25 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК базасында «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында Астана қаласы Әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскерлерімен «ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру» атты семинар өткізілді. Барлығы 39 оқытушы қатысты.
Семинар бағдарламасы:
Тренинг: «ТжКББ ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары». Сейдахметова Б.Қ.
«Педагогтердің авторлық материалдары: сараптама үлгісі». Давлетбаева Р.К.
Шебер-сынып: «Педагог құзыреттілігінің бір қыры – сандық технологияларды қолдану». Мылтыкбаева Ж.Т.
Пікір алмасу. Кері байланыс. Сейдахметова Б.Қ.
2024 жылдың 11-12 қаңтарында тәжірибеде дәлелденген жоғары деңгейдегі тиімді технология болып табылатын «Ерте жастағы балалар мен жүкті әйелдерге патронаждық қызмет ету үлгісімен қамтамасыз ету әмбебап прогрессивті моделі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар жаңа патронаждық модель идеяларын тереңірек түсінетін мейіргерлерді дайындау және енгізу кезінде қателердің алдын алу мақсатында арнайы пән оқытушыларына арналып өткізілді. Оқыту семинарын ұлттық тренері Жаупанова Зубайда Жумабековна өткізді.
2023 жылдың 22 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Атырау жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен «Мейірбике ісі негіздері» пәнінен «Үздік оқу бағдарламасы» республикалық байқауы өтті. Колледжден арнайы пән оқытушылары қатысты: Жиеналина Б.А., Жантемирова Е.К., Аренова М.Б., Бекболқызы А. Нәтижесінде Жиеналина Бақыт Айыпқызы бірінші орынға ие болды. Қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
2023 ж. 08 желтоқсан айында Жамбыл жоғары медициналық колледждің ұйымдастыруымен «Үздік оқу-әдістемелік кешен» атты республикалық конкурс өткізілді. Колледж атынан арнайы пәндер оқытушылары: Жиеналина Б.А., Джантемирова Е.К., Аренова М.Б., Бекболқызы А. Нәтижесінде, Бекболқызы Айсауле І дәрежелі дипломымен маратапатталды. Қалған оқытушылар алғыс хатқа ие болды.
2023 жылдың қазан айында Астана қаласы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары қалалық байқауы өтті. Байқауға колледжден 7 оқытушы қатысты: Мусажанова М.К., Кулахметова Р.М., Рахманбердыева З.Х., Шокеева А.С., Карабаева Ж.С., Анарова А.А., Тургынова Ж.О. 2023 жылдың 09 қараша күнінің хаттамасына сәйкес ІІ орынға ие болған педагог-психолог Кулахметова Р.М. Желтоқсанның 8 күні Әдістемелік орталығында Марапаттау рәсімі өтті.
Құттықтаймыз!