8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Оқытушылардың шығармашылық жұмысы

Колледждің инновациялық қызметі көптеген параметрлерден тұрады, бірақ педагогикалық құрам негізгі болып табылады. Оқытушының біліктілік деңгейі және оның шығармашылық жұмысқа деген ынтасы болашақ мамандарды дайындауда білім ортасын жақсарту мен білім сапасын жоғарылатуда маңызды фактор болып табылады. Бүгінгі күнде ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжде» МКК 93 оқытушы жұмыс жасайды, олардың 2-і медицина ғылымының кандидаты, 13 магистр, 16 мейірбике ісі бакалаврлары, 1 –педагог-шебер, 2 –педагог-ізденуші, 18-оқытушы жоғары санатты, 21- оқытушы бірінші санатты, 15- оқытушы екінші санатты. Оқытушылық құрамы студенттің базалық және кәсіби құзіреттілігін қалыптасуына ықпал ететін қолайлы оқу ортасын құрады. Осы бағыттың қызметінің іргелі факторы колледж оқытушыларын оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмысы, біліктілікті арттыру, семинар жұмыстарына, психологиялық тренингтерге, әртүрлі деңгейдегі конференияларға қатысу, оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін, соның ішінде IT-технологиясын белсенді қолдана отырып ынталандыру. Оқытудың сапасы рейтингтік жүйе және сабақтың мониторингі (өзарасабаққа қтысу, өзін-өзі жетілдіру жоспарын орындау, білім беру қызметінің сапасы бойынша студенттерден сауалнама алу, студенттер мен түлектердің дайындық деңгейі туралы жұмыс берушінің пікірлерімен бағаланады. Білім мониторингінің нәтижесі директор жанындағы жиналыста және ЦӘК отырысында қарастырылады (ДЖЖ хаттамасы). Студенттердің базалық және кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық құрамның атқаратын рөлі зор. Оқыту сапасы рейтинг жүйесімен және сабақ мониторингі (өзара сабаққа қатысу, өз білімдерін жетілдіру, студенттерден анкета арқылы сауалнама жүргізу) арқылы жүргізіледі. Мониторгтың нәтижесі ЦӘК отырысында, директор жанындағы отырыстарында қаралып отырады.Оқытудың белсенді түрлерін енгізу студенттердің білім біліктілігі мен құзыреттілігінің деңгейінің жоғары болуына ықпал етеді. Мақаларын Республикалық мамандандырылған журналдар: «Практический врач», «Медицинская общественность Казахстана», «Информационный вестник» Республикалық қоғамдық ақпарат журналдары: «Начальник», «Тәуелсіздік ақ таңы», Ғылыми- педагогикалық журнал «Зияткер» және ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарына енгізіледі. Бұдан басқа колледж оқытушылары халықаралық, қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, кәсіби байқауға қатысып отырады.

2020 жыл

«Желтоқсан» айында өткізілген Республикалық «Информатика» Блиц-турнирі бойынша Информатика пәні оқытушысы Абильдинова Галия Султангалиевна 2 орын жеңімпазы атанып, дипломмен марапатталды.


23.12.2020ж. «Түркістан жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК ұйымдастырған «Коронавирус (Pandemic Covid-19): оның салдары мен жеңудің ықтимал жолдары» атты Республикалық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» ШЖҚ МКК екі студент қытысты. Арнайы пәндер оқытушысы Аренова Манаргуль Бейсембаевнаның жетекшілгімен 3 курс студенті Тұрсын Ақжанат «Covid-19 кезіндегі медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігі және алдын алу шаралары» тақырыбы бойынша өз баяндамасымен қатысып, І орын иеленді. Сонымен қатар, арнайы пәндер оқытушысы Тукибаева Мадина Сериковнаның жетекшілігімен 2 курс студенті Тогтоосын Мөлдір Мұратқызы «Общие рекомендации, профилактика и безопасность медицинского персонала при Covid-19» тақырыбымен баяндама жасап, нәтижесінде ІІ орынға ие болды.


06.11-30.12.2020 ж аралығында «Халықаралық қосымша кәсіби білім беру орталығының» ұйымдастыруымен оқушылар мен студенттерге арналған қазақ және орыс тілдерінде өткізіліп жатқан ІІ Халықаралық пәндік Олимпиадасына  (қашықтық түрде) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінен» ШЖҚ МҚК 1 –курс студенттері биология пәні бойынша қатысып жүлделі орындарға ие болды. Жетекшісі Г.О.Бозбаева грамотамен марапатталды.


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК арнайы пәндер оқытушысы Тұрғынова Жадыра Орынбекқызы 2020 жылдың 25 қарашасында  «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік  сайтында «Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары» тақырыбы бойынша оқу-әдістемелік материалын жариялады. Сонымен қатар, қараша-желтоқсан айларында «USTAZ TILEGI» Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Халықаралық «Үздік педагог» ұстаздар арасындағы олимпиадасына қатысып сертификаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, 03.12.2020 «Желтоқсан» айында өткізілген Республикалық «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Блиц-турнирінің 1 орын жеңімпазы атанып Дипломмен марапатталды.

  • 01
  • 02
  • 03

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МҚК арнайы пәндер оқытушысы Майжанова Галия Токтаровна Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған кәсіптік білім беру жүйесінің 80 жылдығына арналған «Кәсіптік білім: болашақ бізде» атты қалалық байқауына қатысып, «Шеберханадағы ең үздік бейне сабақ» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

  • 01
  • 02
  • 03

30.11.2020 ж Көкшетау жоғары медициналық колледжі ұйымдастырған «Ф.Найтингейль және Қазақстандағы мейіргер ісінің дәстүрлері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК студенті А. Жайлаубайға жетекшілік еткені үшін оқытушы  Ахмеджанова Салтанат Кажмухановна сертификатпен марапатталды.


25.11.2020 ж Нұр-Сұлтан қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінің» ШЖҚ МҚК жалпыкәсіптік және арнайы  пәндер оқытушылары Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МҚК-нің 90-жылдығы аясында «Инновациялық технологиялырды білім беру үрдісіне енгізу: қызығушылық, ізденіс, ынтымақтастық» тақырыбында Online режимінде өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына белсене қатысты. Екі оқытушы Майжанова Г.Т. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану» тақырыбы бойынша және Кулахметова Р.М. «Болашақ медициналық қызметкердің қарым-қатынастағы адами мәдениеттілігі – рухани дамуының алғы шарты» тақырып бойынша баяндамамен шықты. Сонымен қатар, оқытушылар: Тлеужанова А.Б., Ермагамбетова Р.Р., Жумагулова Б.Т. конференция материалдарының жинағына мақала жіберіп, сертификаттармен марапатталды. 

  • 001
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06

«Корифей» білім орталығының ұйымдаструымен өткен ІІ Республикалық пәндік олимпиадаға студенттерді дайындау барысында, білім саласындағы адал еңбегі, кәсібилігі, студенттерге жетекшілік ету қабілеті мен  студенттерді дайындау үшін жеке мүдделерінен жоғары ісіне берілгендігі үшін пән оқытушылары грамотамен марапатталады.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09

Ағылшын пәнінің оқытушысы Артышева Рыскуль Каиржановна Халықаралық жаңашыл білім беру орталығының ұйымдастыруымен 02.11.- 20.11.2020 ж аралығында өткен педагогтар арасындағы «Алға қадам» атты І Халықаралық қашықтық олимпиадасының «Әдістемелік талдама» бағыты  бойынша қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


Ағылшын пәнінің оқытушысы Туканаева Сауле Сатыбалдиновна Халықаралық жаңашыл білім беру орталығының ұйымдастыруымен 02.11.- 20.11.2020 ж аралығында өткен педагогтар арасындағы «Алға қадам» атты І Халықаралық қашықтық олимпиадасының «Сыныптан тыс іс-шара» және «Сабақ презентациясы» бағыттары бойынша қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

  • 01
  • 02

31.10.-14.11. 2020 ж С.К.Копжасар Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастырған «Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту» тақырыбы бойынша 72 сағаттық курстан өтті.


2020 ж 26 қазан – 6 қараша аралығында Оқытушылар К.К.Манатова және Қ.Д.Ахметова ҰБА «Талап» ұйымдастырған 72 сағаттық «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту нәтижелерін бағалаудың негізгі компоненттері» тақырыбы бойынша техникалық және кәсіптік, орташа білімнен кейінгі  білім беру ұйымдарының инженерлік – педагогикалық қызметкерлерінің және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтті.

  • 01
  • 02

26.10. -06.11. 2020 ж Марханова Н.Т. ҰБА «Талап» ұйымдастырған «WoridSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері» тақырыбы бойынша 72 сағаттық біліктілігін арттыру курсынан өтті.

  • 03
 


2020 ж 22 қазанда И.В.Кадышева  SMU Angela Boskin «Moving forward to efficiency and quality by evidence-based nursing» тақырыбы бойынша 10 сағаттық курстан өтті.


19.10.-21.10.2020 ж И.В.Кадышева  және Балтабекова С.А. Қазақстанның медициналық колледждер одағының ұйымдастырған «Дәлелді мейіргерлік тәжірибе және мейіргер ісін зерттеу негізіне кіріспе» тақырыбы бойынша 18 сағаттық онлайн семинарға қатысты.


2020 жылдың 1-16 қазан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» студенттері «Гиппократ» республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, әртүрлі жүлделі орындарға ие болды. Олимпиадаға жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушылары Сүлейменова Б.А., Жумагулова Б.Т., Рахманбердыева З.Х. және Балтабекова С.А.  жетекшілігімен жалпы саны 32 студент қатысты. Аталған жетекшілер алғыс хатпен марапатталды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
 


2020 ж 12-16 қазан аралығында оқытушылар С.Т.Суиндыкова және А.Ж.Талипова  Jamk HAMK ұйымдастырған «Методы преподавания и оценки, основанные на компетенциях, в подготовке медицинских сестер 1» тақырыбы бойынша шебер-сыныпқа қатысты.

  • 01
  • 02
 


2020 ж 6-9 қазан аралығында Н.Т. Марханова Аккредитация орталығы ұйымдастырған «Управление рисками»  тақырыбы бойынша  8 сағаттық семинар-тренингте оқудан өтті.


2020 ж 5-9 қазан аралығында С.А.Ахмеджанова Jamk HAMK ұйымдастырған «От терапии к практике в современном медсестринком образовании» тақырыбы бойынша 54 сағаттық шебер-сыныпқа қатысты.


2020 ж 14-18 қыркүйек аралығында Н.Т.Марханова., А.Қ.Қабиболла Jamk HAMK (Финляндия) ұйымдастырған «Обучение тренеров по сестринским клиническим руководствам на тему: «Сердечная недостаточность»» тақырыбы бойынша  54 сағаттық шебер-сыныпқа қатысты.


09.09-11.09.2020 ж И.В.Кадышева., Б.А.Сулейменова., Г.Т. Майжанова., А.Н.  Қожахметова Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастырған «Оценивание учебных достижений. Критериальная система оценивания» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.


01.09.-07.09.2020 ж Б.Т.Жумагулова және А.Н. Қожахметова Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастырған «Оқу жетістіктерін бағалау. Критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.

  • 01
  • 02
 


2020 ж тамыз-қыркүйек айларында колледж оқытушылары «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу-тренингтік орталығы ұйымдастырған «Педагогтердің ІТ-құзіреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында 36 сағат көлемінде қашықтан біліктілік арттыру курсынан өтіп, сертификат иемденді.

  • 01
  • 02
 


29.08.- 01.09. 2020 ж И.В.Кадышева., Б.А.Сулейменова., С.К. Копжасар және Б.Т.Жумагулова  Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастырған «ТжКБ ұйымдарындағы Менеджмент» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтіп, сертификат иемденді.

  • 01
  • 02
 


24.08-01.09.2020 ж С.К. Копжасар., Б.Т.Жумагулова., Г.Т. Майжанова., А.Н. Қожахметова Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ұйымдастырған «Менеджмент в организации Технического и Профессионального Образования» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсынан өтті.


2020 жылдың 17-28 тамыз аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  К.Ы.Ахмет «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы оқу-тренингтік орталығы ұйымдастырған 72 сағат көлемінде «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының сапасын басқару» тақырыбында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының  инженерлік-педагогикалық қызметкерлерін және басшыларын халықаралық талаптарға сәйкес біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Сонымен қатар, колледж әдіскері С.Н.Сулейменова және  оқытушы Разакова Р.О. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтері мен әдіскерлерінің кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру» тақырыбында 72 сағат көлемінде қашықтан біліктілік арттыру курсынан өтті.

  • 01
  • 02

2020 жылдың 14 шілде – 14 тамыз аралығында Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Инновациялық білім беру технологиялары орталығы ұйымдастырған «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша колледж психологы Құлахметова Рая Махамбетқызы 72 сағаттық курстан өтті.

  

 

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс