2022 жылдың қазан айында инновациялық жұмыстардың қалалық байқауы өтті. Колледжден арнайы және жалпыкәсіптік пәндер оқытушылары Жаупанова З.Ж., Сулейменова Б.А., Майжанова Г.Т. қатысты.
Нәтижесінде, Жаупанова З.Ж. - Оқу-тәрбие жұмысына арналған әдістемелік өнім бағыты бойынша «Педиатриядағы мейіргерлік іс» оқу-әдістемелік құрал 1-орынға ие болып, әрі қарай Республикалық деңгейге жіберілді.
2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында «Үздік педагог» қалалық байқауы өтті. Байқауға колледжден жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы Манатова К.К. қатысты. Байқаудың Ережесіне сәйкес оқытушы: портфолио, бейнесабақ, бейнеролик, эссе дайындалып электронды түрінде байқаудың арнайы электронды порталына жіберілді.
Нәтижесінде, Манатова Клара Каламовна қатысқан үшін сертификатқа ие болды.
2021-2022 оқу жылында 76 оқытушы келесі тақырыптар бойынша біліктілігін арттырды:
«ТжКБ ұйымдарында академиялық дербестікті ескере отырып, оқу үдерісін модельдеу» «Талап» КЕАҚ – 21 оқытушы. Нұр-Сұлтан қ. Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен «Педагог қызметкерлерді аттестациялау шеңберінде эссе жазуға қалай дайындалу керек» «АҚБҰЛАҚ АКАДЕМИЯСЫ» – 2 оқытушы, «ТжКБ жүйесінің мұғалімі: еңбек функцияларын жетілдіру» – 9 адамдар; бейіндік курстар – 45. BLS, ASLS, PALS, PhTLS – 1 оқытушы.
Педагогтардың «Педагогикалық шеберлік пен шығармашылық жинағы» Халықаралық кәсіби байқауы «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша Жаупанова З.Ж., Ахметова Қ.Д. - II дәрежелі дипломдар.
2022 ж. сәуір айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Медициналық білім берудегі жаңа көзқарас» Республикалық педагогикалық оқулар өтті. Колледжден жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Жумагулова Б.Т. қатысты, нәтижесінде 1 орынға ие болды (апрель, 2022 ж.)