8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Оқытушылардың шығармашылық жұмысы

Колледждің инновациялық қызметі көптеген параметрлерден тұрады, бірақ педагогикалық құрам негізгі болып табылады. Оқытушының біліктілік деңгейі және оның шығармашылық жұмысқа деген ынтасы болашақ мамандарды дайындауда білім ортасын жақсарту мен білім сапасын жоғарылатуда маңызды фактор болып табылады. Бүгінгі күнде ТжКБ және орта білімнен кейінгі білім бағдарламасын жүзеге асыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжде» МКК 93 оқытушы жұмыс жасайды, олардың 2-і медицина ғылымының кандидаты, 13 магистр, 16 мейірбике ісі бакалаврлары, 1 –педагог-шебер, 2 –педагог-ізденуші, 18-оқытушы жоғары санатты, 21- оқытушы бірінші санатты, 15- оқытушы екінші санатты. Оқытушылық құрамы студенттің базалық және кәсіби құзіреттілігін қалыптасуына ықпал ететін қолайлы оқу ортасын құрады. Осы бағыттың қызметінің іргелі факторы колледж оқытушыларын оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмысы, біліктілікті арттыру, семинар жұмыстарына, психологиялық тренингтерге, әртүрлі деңгейдегі конференияларға қатысу, оқытудың жаңа әдістері мен түрлерін, соның ішінде IT-технологиясын белсенді қолдана отырып ынталандыру. Оқытудың сапасы рейтингтік жүйе және сабақтың мониторингі (өзарасабаққа қтысу, өзін-өзі жетілдіру жоспарын орындау, білім беру қызметінің сапасы бойынша студенттерден сауалнама алу, студенттер мен түлектердің дайындық деңгейі туралы жұмыс берушінің пікірлерімен бағаланады. Білім мониторингінің нәтижесі директор жанындағы жиналыста және ЦӘК отырысында қарастырылады (ДЖЖ хаттамасы). Студенттердің базалық және кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық құрамның атқаратын рөлі зор. Оқыту сапасы рейтинг жүйесімен және сабақ мониторингі (өзара сабаққа қатысу, өз білімдерін жетілдіру, студенттерден анкета арқылы сауалнама жүргізу) арқылы жүргізіледі. Мониторгтың нәтижесі ЦӘК отырысында, директор жанындағы отырыстарында қаралып отырады.Оқытудың белсенді түрлерін енгізу студенттердің білім біліктілігі мен құзыреттілігінің деңгейінің жоғары болуына ықпал етеді. Мақаларын Республикалық мамандандырылған журналдар: «Практический врач», «Медицинская общественность Казахстана», «Информационный вестник» Республикалық қоғамдық ақпарат журналдары: «Начальник», «Тәуелсіздік ақ таңы», Ғылыми- педагогикалық журнал «Зияткер» және ғылыми-тәжірибелік конференциялар жинақтарына енгізіледі. Бұдан басқа колледж оқытушылары халықаралық, қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, кәсіби байқауға қатысып отырады.

«Орта медицина білімі бар мамандардың тәжiрибелік дәрiгерлiгiнiң сапасы және оны жетiлдiрiп жолдары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жаупанова З.Ж., Анарова А.А. қатысты. Нәтижесінде, Жаупанова З.Ж.- 1 дәрежелі диплом, Анарова А.А. -  ІІІ дәрежелі диплом, Томирис медициналық колледжі, сәуір, 2022 ж.

«Заманауи педагогикалық технологиялар білім сапасын арттыру құралы ретінде» халықаралық қатысумен Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға Майжанова Г.Т. қатысып,  сертификатқа ие болды.  Омбы мемлекеттік медицина университеті, ақпан, 2022 ж.

2022 ж. ақпан айында ТжКББ оқытушылары арасында өткен қалалық «Үздік педагогикалық идея» байқауына Г.Т.Майжанова, Қарабаева Ж.С., Құлахметова Р.М. қатысты. Нәтижесінде Майжанова Г.Т. «Үздік бейнесабақ» номинациясы бойынша 2 орын алды.  

Білім беруді жаңғырту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында қалалық деңгейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке 30 жыл. Медициналық білім берудегі инновациялық тәжірибе. Тәжірибе. Мәселелер. Шешімдер» тақырыбында қаладағы медициналық колледж оқытушыларының қатысуымен педагогикалық оқулар өткізді. Педагогикалық оқулар екі секция бойынша өтті: «Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда заманауи білім беру технологияларын қолдану», «Оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда студенттер арасында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру». Колледжден Жаупанова З.Ж., Тұрғынова Ж.О., Манатова К.К., Карабаева Ж.С., Аренова М.Б. қатысты. Нәтижесінде: Жаупанова З.Ж., Манатова К.К. 1 орынға ие болды, Аренова М.Б. 3-орынға ие болды (2021 ж. қазан).

 «Үздік жас маман» қалалық байқауына жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Тұрғынова Ж.О. қатысты.  Байқау үш кезеңнен өтті: визитка ұсыну, бейнесабақ түсіру және инновациялық технологиялардың тиімділігі туралы баяндама дайындау. Бейнесабақ «Джиксо» әдісі және Kahoot платформасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы «Педиатрия әлеуметтік-медициналық жұмыс» тақырыбында көрсетілді. Қатысу сертификаты, (қазан, 2021 ж.)

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс