8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

«Мейіргерлік ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен «Мейіргер ісі» ОӘБ 2024 жыл

«Мейірбике ісі» білім беру мекемесінің «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспары

ҚР мейіргер ісін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған негізгі бағыттары бойынша іс-шаралар жоспарын, денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі Жол картасын, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін іске асыру мақсатында Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша ОӘБ келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты жүзеге асыру;
  2. «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын іске асыруды қолдау;
  3. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы оқытушыларының кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін дамыту;
  4. Мейіргер ісінің барлық қажетті бағыттары бойынша клиникалық тәжірибені жүзеге асыру үшін жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу;
  5. «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасының тиімділігін бақылау;
  6. Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру;
  7. Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру, студенттерді кәсіби ортаға тарту;
  8. Халықаралық әріптестік және жұмыс берушілердің қатысуымен бірлескен жобалар мен оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
  9. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы түлектерінің жұмысқа орналасуын мониторингілеу.

Осы бағыттарды іске асыру үшін 2024 жылға арналған Қолданбалы бакалавриат ББ ОӘБ жұмыс жоспары әзірленді, ЗТБ «Қазақстан медициналық колледждерінің одағы, ҚР Жоғары медициналық колледждерімен  қаралып,  келісілді және А. Саржанова ОӘБ төрайымымен бекітілді.

 2024 жылдың жоспарына сәйкес наурыз айына келесі іс шаралар өткізілуде.

  1. Республикалық студенттік ғылыми конференция «Мейіргер исіндегі зерттеулер: өзекті мәселелер».   «Караганды областық жоғары мейіргер колледжі». 
  2. Республикалық Онлайн олимпиада на тему «Ғылыми білімдерінің негіздері».   «Жезказган  қаласының областық жоғары  медициналық колледж»

   

        2023 ж.  27  желтоқсан күні ОӘБ жоспарына сәйкес  «Мейіргер ісінің дамуы. Ғылым. Ізденіс. Инновация» атты V Республикалық студенттік  ғылыми-практикалық конференция өткізілді.    Ұйымдастырушы Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК.    

Цели и задачи конференции:

  1. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы аясында студенттер мен оқытушылардың зияткерлік бастамасын дамыту.
  2. Ғылыми ойлау тәсілін және өз іс-әрекетіне шығармашылық көзқарасты дамытуға алғышарттар жасау.
  3. Болашақ мамандардың жалпы және коммуникативті мәдениетінің деңгейін арттыру.
  4. Мейірбике ісі саласындағы ғылыми зерттеулерді ынталандыру.

   

Конференция жұмысы 4 бағытта жұмыс жасады.

  1. Мейіргер ісінің маманы;
  2. Қауіпсіз пациенторталықтандырылған мейіргерлік күтім;
  3. Әлеуметтік-маңызды аурулардағы мейіргерлік күтім;
  4. Дәлелді мейіргерлік тәжірибесінің дамуы.

 

      Конференцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының 21 Жоғары медициналық колледжінен 72 өтінім берілді (сөйлеу – 43 баяндама, жинақта тек мақаланың жариялануы – 29). Сараптама комиссиясының құрамына: арнайы пәндердің жоғары санатты оқытушылары, 20 жылдан астам тәжірибесі бар практикалық денсаулық сақтау бакалаврлары мен мейірбике ісі магистрлері және әлеуметтік серіктестер кірді.

 

 

     2023 ж. 22 қараша айында   жоспарға сәйкес отырыс өткізілді.   Күн тәртібінде бірнеше сұрақтар қарастырылды.

  1. Қолданбалы бакалавриат ББ тұлектер шығарылуы және жаңа оқу жылына қабылдауы бойынша жалпы ақпарат.  Кадышева И.В. – Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары.
  2. Жұмыс тәжірибесінен «Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері» мастер-класс. Хамитова Альбина Гариффуловна – арнайы пәндер оқытушысы, Батыс-Қазақстан жоғары медициналық колледжі.
  3. Ақтөбе жоғары медициналық колледждің қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. Батырова Асемгуль Асқанқызы-   әдістемелік бөлім меңгерушісі,  Дементиевская Наталья Викторовна – арнайы пәндер оқытушысы.

 

  

 

Осы бағыттарды іске асыру үшін 2022 жылға арналған Қолданбалы бакалавриат ББ ОӘБ жұмыс жоспары әзірленді, ЗТБ «Қазақстан медициналық колледждерінің одағы, ҚР Жоғары медициналық колледждерімен  қаралып,  келісілді және А. Саржанова ОӘБ төрайымымен бекітілді.

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес «Анатомия. Физиология. Патология» Қазақстан Республикасының Жоғары медициналық колледждері арасында (15 колледж). Оқытушылар Мусажанова М.К., Цветкова Л.В. олимпиада тапсырмаларының материалдарын әзірлеуге белсенді қатысты. Нәтижесінде колледжден 2 студент (1-дәрежелі диплом), жетекшілері Мусажанова М.К., Цветкова Л.В. (мамыр, 2022 ж.).

  • 01
  • 02

2022 жылдың наурыз айында ОӘБ жоспарына сәйкес Қызылорда жоғары медициналық колледжінде қолданбалы бакалавриат бағдарламасының студенттері арасында «Мейіргердін ғылымға қосқан үлесі» атты республикалық байқауы өтті. Колледжден А.Жумбайқызы, жетекшісі: Кулахметова Р.М., 1-дәрежелі дипломға; Акбарова А. - жетекшісі Ахметова Г.Б., 2-дәрежелі дипломға ие болды.

  • 01
  • 02

2022 жылдың сәуір айында ОӘБ жоспарына сәйкес қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылар арасында «Медициналық білім берудегі жаңа көзқарас» тақырыбында педагогикалық оқулар өтті. Ұйымдастырушы колледж: Қостанай жоғары медициналық колледж.  Колледжден жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Жумагулова Б.Т. қатысты. Ол «Оқытудың белсенді формалары: дәстүрлер мен инновациялар» секциясы бойынша «Оқу үдерісіндегі кейс-технологиялар» атты баяндамасын ортаға салды. Нәтижесінде, оқытушы Жумагулова Б.Т. І дәрежелі дипломға ие болды.

  • 01

2022 ж. 27 қыркүйек айында  ОӘБ  жұмыс жоспарына сәйкес ҚР жоғары медициналық колледждердің қатысуымен отырыс өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Курстық жұмысты орындау туралы ережені қарау және бекіту. Баяндамашы: Аманова Е.Г.- Республикалық жоғары медицина колледжінің қолданбалы бакалавр кафедра меңгерушісі.
  2. 2022 жылы Қолданбалы бакалавриат ББ түлектерінің жұмысқа орналасуын талдау. Баяндамашы: Қадышева И.В. - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.
  3. Баяндама (сабақ фрагменті) «Клиникалық пәндерді жүргізудегі заманауи оқыту әдістері» (жұмыс тәжірибесінен). Баяндамашылар: Жоғары көпсалалы медициналық колледж «Түркістан», Бабажанова У.М., Абдужаппарова А.С. Қазақстан-Фин магистратурасының мейіргер ісінің магистрлері.

Курсттық жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық


2021 жыл

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс