8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Мықты оқу-материалдық база – бұл оқытудың қарқынды әдістерінің, студенттердің өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың, олардың шығармашылық белсенділігін дамытатын, білім беру және кәсіптік даярлаудың сапасын арттырудың негізгі шарттарының бірі. Колледжде теориялық және тәжіриибелік  сабақтарды өткізуге барлық жағдай жасалған. Базалық медициналық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылған. Мамандарды даярлау кезінде симуляциялық оқыту қолданылады – бұл қазіргі заманғы оқу жабдықтарының көмегімен (жаттықтырғыштар, тренажерлар, фантомдар, манекендер және т.б.) білім беру үрдісінде кәсіби қызметті модельдеу; студенттерге шынайы өмірге жақын әр түрлі клиникалық сценарийлер жасалуда, оны әр студент симуляциялық залдар мен кабинеттерде көпфункционалды фантомдар мен жаттықтырғыштарда үйрене және көрсете алады.

Колледждің симуляциялық кабинеттері мен зертханалары жүрек-өкпе реанимациясы, ересектер мен балалардың трахеялық интубациясы үшін жаттықтырғыштармен, емдеу және манипуляциялық үстелдермен, гинекологиялық орындықпен, акушерлік фантомдармен, ерлер мен әйелдерді катетерлеуге арналған жаттықтырғыштармен, роликті тіреуіші бар «Сэм» супер - қаңқаларымен, хирургиялық манипуляцияларды меңгеруге арналған жаттықтырғыштар, емдеуді үйретуге арналған жаттықтырғыштармен, ойық жараларды емдеуге үйрететін жаттықтырғыштармен, имитациялық босану, әр түрлі жастағы науқастарды күтуге арналған манекендермен, жаңа туған нәрестелердің үлгілерімен, бұлшықет ішіне, көктамыр ішіне және тері астына инъекция жүргізуге арналған жаттықтырғыштармен, зертханалық жабдықтармен, стоматологиялық қондырғылармен, бактерицидтік камералармен, медициналық құралдармен және т.б. жабдықталған.

Симуляциялық залдардың қарамағында заманауи оқып-үйрету жабдықтары бар:

  1. Көру мүшесін тексеру және диагностикалауға арналған манекен.
  2. Есту мүшелерін тексеру және диагностикалауға арналған манекен.
  3. Әр түрлі жарақаттар кезінде көмек көрсетуге арналған манекен.
  4. Веналық тамырларға қол жеткізетін жаттықтырғыштар.
  5. Қан қысымын өлшеуге арналған дыбыстық колонкалары бар қол үлгісі.
  6. Көктамыр ішіне егуге арналған жаттықтырғыштар.
  7. Босандыру жаттықтырғыштары.
  8. Әр түрлі жас топтарындағы науқастарды күтуге арналған көпфункционалды фантомдар.
  9. Жаңа туылған нәрестемен босанған әйелдің имитаторы.
  10. Реанимациялық дағдыларға машықтануға арналған көпфункционалды фантомдар.
  11. Аускультацияға арналған фантомдар.
  12. Стоматологияға арналған көпфункционалды кеудесімен бас фантомдары.

Акушерия мен гинекологиядағы көпфункционалды фантомдар: жүректің соғуын тыңдау, баланың орналасуын анықтау, баланың жатуын, босанудың биомеханизмі және босануды имитациялау қызметтін атқарады.

Педиатриядағы көпфункционалды фантомдар жүрек-өкпелік реанимациясын жасауға, тамыр пункциясын жасауға, кіндік бауы, балалардағы трахея интубациясы, жаңа туған нәрестелерді күтуге және т.б. қолданылады.

Стоматологиядағы көпфункционалды фантомдар студенттерге ауыз қуысын күтудің тәжірибелік дағдыларын игеруге, тіс қақтарын алып тастауға, тісті толтырғыш материалдарды илеуге, тіс дәрігеріне тісті қалпына келтіруде, тісті жұлуда, жансыздандыруда, пародонт ауруларын емдеуде, дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсетуде көмек береді.

Хирургиядағы көпфункционалды фантом реанимацияның тәжірибелік дағдыларын барынша шынайы жағдайларға жақын ақаусыз орындау үшін қолданылады. Оларға қан кетуді тоқтату, хирургиялық жараларды емдеу, тігу, десмургия, әртүрлі оқшауланған сынықтарындағы сүйек сынықтарын иммобилизациялау, сондай-ақ жүрек-өкпе реанимациясын көрсету жатады.

Орта медицина мамандарын даярлау барысында көпфункционалды фантомдарды қолдану келесі міндеттерді шешеді:

  1. Орындалатын манипуляциялардың мейірбике ісіндегі нақты кәсіби қызметке барынша жақындауы;
  2. Пациенттерді күту және бақылау бойынша тәжірибелік дағдыларды автоматты орындау деңгейіне дейін кезең-кезеңімен оқыту;
  3. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру.
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс