14.05.2021 ж. күні Алматы қ. ДСБ «Жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК 40-жылдық мерейтойына арналған «Медбикелік білім мен тәжірибенің даму бағытының заманауи мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған конференцияға арнайы пәндер оқытушылары Абамуслимова С.М. мен Жарылкасынова Г.А. «Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мейіргердің рөлі. Патронаждық қызметті дамыту» тақырыбымен баяндама жасады.
2021 ж 30 наурыз - 18 сәуір аралығында Ахмет Күлшарипа Ыбыханқызы «Еlab.Asia» Цифрлық Академиясы әдістемесімен жасалған педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша 72 сағат көлемінде «Киберпедагогика және қазіргі шындықтың сын-қатерлері» курсынын өтіп сертификатқа ие болды.
2021 ж. 22-31 наурыз аралығында Сызрянь қаласында «Демонстрационный экзамен как инструмент независимой оценки качества профессионального образования» тақырыбы бойынша өткен Бүкілресейлік (халықаралық қатысумен) ғылыми-тәжірибелік конференцияға колледж оқытушылары С.К.Копжасар «Демонстрационный экзамен – новый инструмент оценки качества подготовки кадров» және К.К.Манатова
3-19 ақпан аралығында оқытушы, психолог Қожахметова Айгерім Нұрланқызы «Абырой» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған Республикалық «Үздік психолог» байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болып марапатталды.
Жалпыгуманитарлық пәндер оқытушысы Мукашева Толкын Курметовна Qaztest.kz сайтында мұғалімдер арасында ұйымдастырған қазақтың тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханұлы атындағы ІІІ Республикалық Қазақстан тарихы қашықтық олимпиадасының жеңімпазы атанып, дипломмен марапатталды.