Оқытушылардың шығармашылық жұмысы
Қалалық деңгейде оқулар өтті
Білім беруді жаңғырту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында қалалық деңгейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке 30 жыл. Медициналық білім берудегі инновациялық тәжірибе. Тәжірибе. Мәселелер. Шешімдер» тақырыбында қаладағы медициналық колледж оқытушыларының қатысуымен педагогикалық оқулар өткізді. Педагогикалық оқулар екі секция бойынша өтті: «Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда заманауи білім беру технологияларын қолдану», «Оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда студенттер арасында кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру». Колледжден Жаупанова З.Ж., Тұрғынова Ж.О., Манатова К.К., Карабаева Ж.С., Аренова М.Б. қатысты. Нәтижесінде: Жаупанова З.Ж., Манатова К.К. 1 орынға ие болды, Аренова М.Б. 3-орынға ие болды (2021 ж. қазан).