8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  27.09.2024ж. Жоғары медициналық колледжде еңбек күніне орай «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты дебат турнирі өтті.
  БП форматында өткен турнирде 8 команда қатынасты. Екі турдан тұрған сайыста ең үздік командалар анықталды. Жеңіске жеткен командалардың көшбасшылары мен өткен жылғы үздік деп танылған дебат ойыншыларына «Мақтау қағазы» берілді. «Үздік дебат ойыншы - 2024» номинациясын 21 м/і тобы студенті Шымырбай Ұлпан иеленді.Оған ауыспалы Кубок пен Мақтау қағазы тапсырылды. Марапатталған үздік ойыншылар:
1. Шавхиева Гулмира Хамзақызы – 123 м/і қ. бакалавр
2. Құлахмет Мансұр Талғатбекұлы – 24 м/і
3. Амантайқызы Айша – 23 м/і
  «Менің жетістігім – менің нәтижем» дебат турнирінің жеңімпаздары 111 «Акушерлік іс» тобы білім алушысы Товбай Жансезім, 111 м/і қ. бакалавр тобы студенті Рахат Жансая марапатталды.

  26.09.2024 ж. Жоғары медициналық колледж жатақханасында «Жастарға АИТВ – жұқпалы ауру ЖИТС туралы білу маңызды» атты тақырыпта семинар өткізілді. Студенттерге АИТВ жұқпасын және басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларды жұқтыру және оның алдын алу жолдары туралы № 3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің өкілдері А.Жиенбаева, Н.Протченко ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  26.09.2024ж. колледждің жұмыс жоспарына сәйкес әдістемелік кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде қарастырылды:
1. Әлеуметтік әріптестік-кәсіптік білім беру сапасының кепілі. 2023-2024 оқу жылында колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы. Баяндамашы: Шокеева А.С. -тәжірибе меңгерушісі.
2. Педагогикалық этика және деонтология туралы. Оқытушылардың лауазымдық нұсқаулықтары. Баяндамашы: психолог- Карабаева Ж.С., Кадышева И.В. - директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары.
3. “Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі” тақырыбы бойынша ата-аналарға жиналыс өткізу туралы. Баяндамашы: Ахмет К.Ы.-директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

4. Колледждің сыбайлас жемқорлық тәуекелін ішкі талдауы туралы Комплаенс-офицердің ақпараттық-түсіндірме жұмысы. Баяндамашы: комплаенс офицер

  2024-2025 оқу жылына арналған колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде күзгі кросстан қалалық жарыс өтті.Колледж атынан :
1. Ержігіт Ержан 33 м/і
2. ⁠Бақытжанұлы Нұрберген 115 м/і
3. ⁠Қапбар Аружан 131 қ/бак
4. ⁠Карима Амина 131 қ/ бак қатысты.

  24.09.2024 ж. Жоғары медициналық колледжде топ жетекшілерінің семинары өтті. Семинарда топ жетекшілер кеңес бірлестігінің төрайымы Ж.Тұрғынова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсат міндеттерін іске асыру бойынша баяндама жасады.
  Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары К.Ахмет «Корпоративтік этика кодексін сақтау» бағытында оқытушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

  24.09.2024ж. Жоғары медициналық колледжде еңбек күніне орай өткізілетін «Менің жетістігім – менің нәтижем» дебат турнирінің өткізілуіне байланысты семинар өтті.
  Семинарға колледждер пікірсайыс лигасының координаторы Серік Нәрал шақырылды. Колледждегі дебат клубының тізіміне жаңадан енген 1 курс студенттеріне дебат ойынының құрылымы жайлы, таңдалған тақырып туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
  «Менің жетістігім – менің нәтижем» дебат турнирі БПФ форматында ағымдығы жылдың 27 қыркүйек күні өтеді.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс