8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  29.08.2024ж. Жоғары медициналық колледжде өткен педагогикалық кеңесте оқытушылары арасында «БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ: ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ» тақырыбында колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары К.Ахмет бағдарламаның мақсат-міндеттерімен таныстырды. Оқу-тәрбие процесіндегі 6 ұлттық құндылықтарға тоқталып, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын түсіндірді.

  ХАБАРЛАНДЫРУ 1 КУРСТАР ҮШІН!!!

  2 қыркүйек сағат 09.00-10.00 аралығында «Білім күніне» арналған «БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ» тақырыбында кураторлық сағаты өткізіледі.
Кураторлық сағаттың мақсаттары:
1. Білімге деген құндылықты қалыптастыру, өз Отаны үшін қажет және пайдалы болуға деген ұмтылыс.
2. Белсенді өмірлік ұстанымды, кәсіби маңызды қасиеттерді және олардың қоғам өмірінің түрлі салаларында көрініс табуына дайындығын қалыптастыру.
3. Өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі дамытуға, жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытуға бағдарлау.

  Кураторлық сағаттан кейін сабақтар кестеге сәйкес жүргізіледі.

   ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

   1 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ҮШІН:

   Колледж жатақханасынан орынға құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 27, 28, 29 тамызында жүргізіледі.

   «Білім беру ұйымдарының жатақханаларынан орындар бөлу қағидалары» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

  27.06.2024 ж. Жоғары медициналық колледж түлектеріне диплом беру салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік іс-шараға Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Бейсен   Майра Боранбаевна, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» Астана қалалық филиалының басшыссы Курманова Сауле Ажмухамбетовна, «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Сапарәлі Арайлым, Астана қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» директоры Смагулова Сауле Каулешевна, «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» директорының орынбасары Баянбаев Арман Сеитканович қатысып, түлектерге диплом табыстады.
  ҚР Әнұранымен ашылған шараның құттықтау сөзін Майра Боранбаевна айтты. Колледж директоры Ақбала Нұрсейітовна да түлектерге ізгі ниетін білдіріп, Ақ жол тіледі. Белсенді студенттер, қалалық, Республикалық, Халықаралық байқау жеңімпаздары мен Студенттік парламент мүшелері, белсенді волонтерлар «Мақтау қағазымен» марапатталды. Түлектер ән салып қоштасу вальсін биледі. Сәт сапар, саған жас түлек!

  Ағымдағы жылдың 24 маусым күні сағат 11.00-де Жоғары медициналық колледжі 2024-2025 оқу жылына Талапкерлер қабылдау бойынша тікелей эфирді колледж директоры - Саржанова Акбала Нурсеитовна өткізеді.
Талапкерлерді тікелей эфирге қатысуға шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша жауап алатын боласыздар!

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс