8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  11.11.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында «Бала қауіпсіздігі – ұлт болашағы» атты тақырыпта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құзырлы орган өкілдерімен кездесу өтті.
  Кездесуге Астана қаласы сотқа дейінгі тергеу мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау департаментінің прокуроры Ш.М.Нұржанов,
  Астана қаласы «Алматы» ауданы полиция басқармасының бөлім басшысы Жеткербаев Азамат Жеткербайұлы, «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға лейтенанты, учаскелік инспектор Маликова А.Б., «Қалалық цирк» ШЖҚ МКК әртісі, режиссер Бурашев Берик қатысты.
  Олар студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

  01.11.2024ж. Жоғары медициналық колледжде «Алтын күз – 2024» байқауы өтті. Байқауға 15 топ қатысты. Студенттер өзін-өзі таныстыру, өз өнерлерін көрсету, күзгі сән үлгісі бойынша бақ сынасты.
Алтын күздің кереметін көрсеткен білім алушыларға әділқазылар төрешілік етті. Нәтижесінде Бас жүлдеге 111 «Емдеу ісі» фельдшер тобы иеленді.
І-орын – 111 «Акушерлік іс» тобы
ІІ-орын – 14 «Мейіргер ісі» тобы
ІІІ-орын – 15 «Мейіргер ісі» тобы алды. Қалған топтар Номинацияармен марапатталды. 111 м/і қолданбалы бакалавр тобы «Ең әдемі күзгі сән үлгісі» арнай жүлдесінің жеңімпазы атанды.
  Құттықтаймыз!!!

  31.10.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Діндерді зеттеу орталығы» ЖШС өкілдерімен кездесті.
  Кездесуде А.Нұрахметұлы білім алушыларға «Экстремизм және терроризмнің алдын алу» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.

  30.10.2024ж. “Жас педагог” мектебінің алғашқы оқыту семинары өтті. Семинар барысында жас мамандарды “оқу үрдісін сауатты жүргізу ережесімен”, “ білім беру технологияларын қолданудың тиімділігімен” таныстырып, “Уақытымды жақсы істерге арнаймын” атты психологиялық тренингпен аяқтады.

  30.10.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған студенттері Астана қаласы «Алматы» ауданы Полиция басқармасы басшысының орынбасары Жаугашева Анна Ералиевна, инспекторлар Бекенов Думан   Дарханұлы, Алходжяева Айнұр Абдуохаповнамен кездесті.
  Кездесу барысында қоғамдағы жастар арасындағы келіспеушілік, бірін-бірі қорқыту, жанжал туындауына себепші болу, түнде ата-аналарының рұқсатынсыз көшеде беймезгіл жүру сияқты келеңсіз жағдайлар орын алып жатқандығынан хабардар ете отырып, білім алушыларға ескертулер жасалды.
  Кез келген тұлға ҚР Заңнамасына сәйкес жауап беретіндіктерін естеріне сала отырып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  24.10.2024ж. Жоғары медициналық колледждің студенттері арасында дене тәрбиесі пәні оқытушылары ұлттық мереке 25 қазан – Республика күніне орай «Ұлттық ойындар спартакиадасын» өткізді. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұлттық ойындар: арқан тарту, Асық ойнау, футбол, бес тас ойынынан жарысқа түсті.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс