Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Директор лауазымына конкурс жариялау
- Қаралды: 80
Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Директор лауазымына конкурс жариялау
Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Бақылау кеңесі (бұдан әрі – Бақылау кеңесі) Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК директор лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 14 қарашадан бастап 28 қараша аралығында 16:00 сағатына дейін Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – Кәсіпорын). Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылы 16, пошталық мекенжайы: 010000, телефоны: 331567 және Кәсіпорының электрондық поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Кәсіпорын кызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жузеге асыру болып табылады. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары: медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сейкес білім беру қызметін жузеге асыру;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланган модульдік білім беру багдарламаларын іске асыру, игеру ушін жағдайлар жасау;
- ұлттық жене жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау;
- еңбек нарығының өзгермелі жағдайларына бейімделуге қабілетті техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар білікті мамандарға
қоғамның элеуметтік-экономикалык қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- патриотизмге тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымы бар адамды
тәрбиелеу, Казакстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттіліктерін қалыптастыру.
Кәспорын алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтін мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) мемлекеттік білім беру лицензиясына сәйкес кундізгі және кешкі оқыту нысандарымен «Акушерлік іс», «Зертханалык диагностика», «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Стоматология», «Ортопедиялық стоматология», «Фармация» мамандықтары бойынша, оның ішінде орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға «Мейірбике ісінің қолданбалы бакалавры» (қолданбалы бакалавриат) біліктілігін бере отырып, енбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлау тапсырысқа және акылы негізде;
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде жоғары жене орта медициналык және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау, сертификаттау курстары және симуляциялық оқыту;
3) заңды жене жеке тұлғаларға бейресми білім беруді ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсету: тағылымламалар, семинарлар, тренингтер
мастер-кластар, вебинарлар, онлайн курстар және түрлі іс-шаралар;
4) оқытудың инновациялық педагогикалық технологияларын еңгізу,
кәспорын қызметін цифрландыру;
5) оқытудың жана технологияларын сынақтан өткізуге бағытталған
эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
б) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту ушін жағдай жасау аркылы интеллектті
байыту:
7) студенттерге жатақханада тұру үшін орындар беру;
8)сынақ кітапшаларының, студенттік билеттердің, турникеттік
карточкалардың телнұсқаларын беру.
Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өзіне қарасты құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылықты қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Ұйымның емдеу-диагностикалық қызметін жоспарлау бойынша ұйымдастыру жұмысын, ұйымның емдеу қызметін талдауды, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеуді және бағалауды жүзеге асырады.
Өзіне сеніп тапсырылған материалдық-техникалық, дәрілік ресурстарға, сондай-ақ олардың сақталуы мен мақсатты пайдаланылуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтер нормаларының сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды қамтамасыз етеді. Халықты санитариялық-гигиеналық тәрбиелеу бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлайды және қамтамасыз етеді.
Медицина кадрларының еңбегін ұтымды орналастыру мен ұйымдастыруды, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін дамытуды қамтамасыз етеді.
Статистикалық есеп жүргізуді және ұйым қызметі туралы есеп беруді ұйымдастырады.
Тиімді басқару бағдарламасын әзірлеуге қатысады, қызметтің даму процесін бағалау және мониторингілеу нәтижелері бойынша менеджмент сапасын бағалауды қамтамасыз етеді; жұмыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдайды, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізеді.
Стратегияны таңдайды және ұйымның даму басымдықтарын айқындайды, мақсаттарға жету әдістерін анықтайды, мақсаттарды таңдауды негіздейді. Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің даму жоспарының стратегиялық мақсаттарын, міндеттері мен іс-шараларын орындауын мониторингілеу жөніндегі, жылдық операциялық жоспардың, даму жоспарының және ұйымның даму стратегиясының (стратегиялық жоспарының) орындалуы туралы есептерді қалыптастыру жөніндегі қызметті одан әрі даму перспективаларының ұсыныстарымен басшылыққа ұйымның стратегиялық даму мәселелері бойынша басқарушылық шешімдердің жобаларын ұсынады.
Кадр саясатын қалыптастыруға және жүргізуге, персоналды басқару және дамытуға және еңбек қатынастарын реттеуге қатысады.
Өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасайды, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастырады.
Құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұйымды білдіреді.
Еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін, медициналық этиканы дамытуға, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын орындауға, өртке қарсы қауіпсіздікті, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауға ықпал етеді.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, білім алушыларға білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді; білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, Педагогика және психология, Қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; педагогикалық этика нормалары; басқарудың инновациялық әдістері; Денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздері, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздері, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормалары.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат); "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе "Бизнес және құқық" немесе ЕМВА немесе full-time (Фултайм) дәрежесі; не "Бизнес, басқару және құқық" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және "денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе ЕМВА немесе full-time (Fultime); Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты; басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Бос лауазымға конкурс ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020.05.27 № ҚР ДСМ-58/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы"бұйрығының талаптарына сәйкес өткізілетін болады
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні: 2024 жылғы 14 қарашадан -2024 жылғы 28 қараша 16:00 сағатына дейін.
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) Білім туралы құжаттардың көшірмелері;
) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі, еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме не жұмыс өтілін растайтын басқа құжат;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы.
7)Адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер;
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған кәсіпорынға құжаттарды қабылдау аяқталған күнге дейін хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
- Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей мөрленген конвертте ұсынылады. Олар ұсынылмаған жағдайда, адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
- Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсынымдар) ұсына алады.
- Бақылау кеңесі ұсынылған құжаттарды 29 қарашадан 30 қараша аралығынды "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандықтардың номенклатурасын, Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы белгіленген бұйрықпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 сәуірде № 32320 болып тіркелді және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 1-тармағының 3) тармақшасында және 26-бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес құжаттарды 30 қараша қоса алғанда әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша хатшы әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімін және оны өткізу кестесін қалыптастырады.
Әңгімелесуді өткізу күні 2024 жылғы 01 желтоқсаннан 03 желтоқсанға дейін.
- Рұқсат алмаған конкурсқа қатысушыларды бұл туралы хатшы кандидаттарды жіберу туралы шешім қабылданған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
- Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі.
Сұхбат келесі кезеңдерден тұрады:
1) кәсіпорынды дамытудың презентациясы;
2) кандидаттың құзыретін бағалау.
Кәсіпорынның дамуын таныстырған кезде үміткер кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдау жасайды және оларды шешу бойынша ұсынылған шараларды ұсынады.
Құзыретті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, Денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламалары, Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу үшін қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.