ХАБАРЛАМА
- Қаралды: 46
ХАБАРЛАМА
Астана қаласы әкімдігінің" Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
ХАБАРЛАМА
Астана қаласы әкімдігінің" Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы
2024 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - СЖТІТ) жүргізу кестесіне және Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Колледж) директорының 2024 жылғы 20 мамырдағы №317 бұйрығына сәйкес, Колледж қызметінде СЖТІТ өткізілетін болады.
2023 жылғы 19 мамырдан бастап 2023 жылғы 29 маусымына дейін Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Кәсіпорынның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
29.12.2022ж. «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-ның жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа байланысты карикатура салудан қалалық байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау өтті. Колледждің 2 курс студенті Иванющенко Диана «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті сурет» номинация грамотасымен, колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары Гулшарипа Ыбыханқызы «Алғыс хатпен» марапатталды. Құттықтаймыз!
09.12.2022ж. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 09 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай 09.11 – 09.12. 2022ж. аралығында колледжде ұйымдастырылған айлық өз мәресіне жетті.
Айлық аясында өткен эсселер, үнқағаздар, бейне-ролик жариялау байқауларының қорытындысы шығарылды. Әділ қазылар құрамында «Astana – adalayq alany» жобалық кеңсе менеджері Әбуов Сәулет Нұрғазыұлы және «Колледж студенттері мен түлектер қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігі» жетекшісі Қайыржанов Аңсар Қадырбекұлы болды.