Баянғали Әлімжановпен "Адалдық сағаты"
- Қаралды: 734
Баянғали Әлімжановпен "Адалдық сағаты"
Баянғали Әлімжановпен "Адалдық сағаты"
2021 жыл 07 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК "Саналы ұрпақ" клубының мүшесі, Жаратылыстану-ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және жалпыгуманитарлық пәндер циклінің төрайымы Бутабаева Самал Ермұратовна #ANTIKORLIVE аясында Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмысын жүргізді. Ата-бабаларымыздың парасатты сөздерін насихаттай отырып, жастарды адалдық алаңында тура жолда жүруге шақырды.
Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды.
Қаз дауысты Қазыбек би – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан тарихында өзіндік орны бар тұлға.
Қазыбек бидің өмірі жанкешті істер мен батыл шешімдерге толы болды.
Ол реформатор, шешен, дипломат-бітімгер.
Парақорлық пен әділетсіздікті – қазақтың түбіне жететін ауыр дерт. Оны тек таза ниет пен адал істермен жеңуге болады, деді ол.