8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

ХАБАРЛАМА

  2024 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау (бұдан әрі - СЖТІТ) жүргізу кестесіне  және Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Колледж) директорының 2024 жылғы 20 мамырдағы №317   бұйрығына сәйкес, Колледж қызметінде СЖТІТ өткізілетін болады.

Колледж қызметіндегі СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Тексерілетін кезеңде Колледжде қабылданған қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

4) Оқу-өндірістік қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5) Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

6) Оқу-тәрбие қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

7) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

8) Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

9) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша қорытынды анықтама дайындау;

10) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін ашық интернет-ресурстарда жариялау;

11) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылау.

Жұмыс тобы өткізетін іс шаралар:

1) 2024 жылғы 20 мамырда интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СЖТІТ жүргізуді бастағанын жариялау;

2) 2024 жылғы 28 маусымда интернет-ресурста, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау басталды;

3) 2024 жылғы 5 шілдеде СЖТІТ нәтижелерін, оның ішінде СЖТІТ субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алқалы, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылау;

4) 2024 жылғы 16-29 шілде аралығында СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою;

5) 2024 жылғы 16-29 шілде аралығында СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

6) 2024 жылғы 25-29 шілде аралығында Колледждің интернет-ресурсында талдамалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын орналастыру;

7) 2024 жылғы 29 шілдеден бастап 2025 жылғы 3 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау жолымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мониторингі;

8) 2024 жылғы 29 шілдеде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесін жасау;

 

 

 

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс