8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

Астана қаласы әкімдігінің" Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы

2024 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау (бұдан әрі - СЖТІТ) жүргізу кестесіне  және Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК (бұдан әрі - Колледж) директорының 2024 жылғы 20 мамырдағы №317   бұйрығына сәйкес, Колледж қызметінде СЖТІТ өткізілетін болады.

Колледж қызметіндегі СЖТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) Тексерілетін кезеңде Колледжде қабылданған қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

3) Персоналды басқаруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

4) Оқу-өндірістік қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5) Мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

6) Оқу-тәрбие қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

7) Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

8) Қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Өтетін орны: Ш. Құдайбердіұлы көшесі, 16, Астана қаласы әкімдігінің "Жоғары медициналық колледж" ШЖҚ МКК конференцзалы.

 Өткізу уақыты: 2024 жылғы 5 шілде, сағат 10-да. 00 мин.

 Моб. тел.: 8701-514-79-26 (комплаенс-офицер)

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс