+7 778 339 8395
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  05.10.2024 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық айлық аясында өтіп жатқан «Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты сенбілікті жалғастырды. Олар колледж маңы мен жатақхана маңын тазалады.
#сенбілік

  Ағымдағы жылдың 27.09-04.10 аралығында Жоғары медициналық колледжде бірыңғай «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
  Білім алушылардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін сақтау, ата-аналармен қарым-қатынасты жандандыру мақсатында колледжге ата-аналар шақырылып, еркін диалог форматында өткен жиында талқылау, пікір алысу болды.

  02.10.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері ««Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиал директорының орынбасары Қаппаров Дарын Құралұлымен кездесті. Кездесудің мақсаты білім алушылардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарастарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

  01.10.2024ж. Жоғары медициналық колледж Қарттар күні мен ұстаздар күнін қатар атап өтті. «Ұстазға ұлы құрмет» атты мерекелік іс-шараға 11 м\і жауапты болды. Колледжге көп уақыттан бері еңбегі сіңген ардагер ұстаздар шақырылды. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Ақбала Нұрсейітовна құттықтау сөзімен ашып, ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Жемісті еңбек еткен оқытушыларды Мақтау қағаздары және Алғыс хаттармен марапаттады.
  Білім алушылар құрметті қонақтарына гүл сыйлап, қошемет көрсетті. Ән салды, би биледі, арнау өлеңдерін оқыды. Шара соңында естелікке суретке түсті.
#ұстаздар күні

  27.09.2024ж. Жоғары медициналық колледжде еңбек күніне орай «Менің жетістігім – менің нәтижем» атты дебат турнирі өтті.
  БП форматында өткен турнирде 8 команда қатынасты. Екі турдан тұрған сайыста ең үздік командалар анықталды. Жеңіске жеткен командалардың көшбасшылары мен өткен жылғы үздік деп танылған дебат ойыншыларына «Мақтау қағазы» берілді. «Үздік дебат ойыншы - 2024» номинациясын 21 м/і тобы студенті Шымырбай Ұлпан иеленді.Оған ауыспалы Кубок пен Мақтау қағазы тапсырылды. Марапатталған үздік ойыншылар:
1. Шавхиева Гулмира Хамзақызы – 123 м/і қ. бакалавр
2. Құлахмет Мансұр Талғатбекұлы – 24 м/і
3. Амантайқызы Айша – 23 м/і
  «Менің жетістігім – менің нәтижем» дебат турнирінің жеңімпаздары 111 «Акушерлік іс» тобы білім алушысы Товбай Жансезім, 111 м/і қ. бакалавр тобы студенті Рахат Жансая марапатталды.

  26.09.2024 ж. Жоғары медициналық колледж жатақханасында «Жастарға АИТВ – жұқпалы ауру ЖИТС туралы білу маңызды» атты тақырыпта семинар өткізілді. Студенттерге АИТВ жұқпасын және басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларды жұқтыру және оның алдын алу жолдары туралы № 3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің өкілдері А.Жиенбаева, Н.Протченко ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс