24.09.2024 ж. Жоғары медициналық колледжде топ жетекшілерінің семинары өтті. Семинарда топ жетекшілер кеңес бірлестігінің төрайымы Ж.Тұрғынова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсат міндеттерін іске асыру бойынша баяндама жасады.
Директордың ОТІ жөніндегі орынбасары К.Ахмет «Корпоративтік этика кодексін сақтау» бағытында оқытушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
24.09.2024ж. Жоғары медициналық колледжде еңбек күніне орай өткізілетін «Менің жетістігім – менің нәтижем» дебат турнирінің өткізілуіне байланысты семинар өтті.
Семинарға колледждер пікірсайыс лигасының координаторы Серік Нәрал шақырылды. Колледждегі дебат клубының тізіміне жаңадан енген 1 курс студенттеріне дебат ойынының құрылымы жайлы, таңдалған тақырып туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Менің жетістігім – менің нәтижем» дебат турнирі БПФ форматында ағымдығы жылдың 27 қыркүйек күні өтеді.
21.09.2024ж. Жоғары медициналық колледж базасында «Баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы отбасының рөлі» атты ата-аналар жиналысы өтті.
Жиынға «Право» қоғамдық қоры басшысының орынбасары Шунаева Г.Е., психологі Амангелдіқызы Нурай, Астана қаласы «Алматы» ауданы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары аға лейтенант Маликова А.Б., полиция капитаны Турекулов Д.С. қатысты.
Колледж директорының орынбасарлары И.Кадышева, К.Ахмет ата-аналарға «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында тәрбиенің 6 құндылығы мен мақсат-міндеттері жайлы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
2024 жыл 21 қыркүйек – «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» және Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткен жалпықалалық сенбілікке Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері қатынасты.
Олар колледж маңы мен жатақхана маңын тазалады. Студенттердің бір бөлігі сенбілікті қала сыртында жасап, қоқыстарды шығарды.
8-13 қыркүйек аралығы Астанада өткен V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында волонтер болып белсенді қызмет атқарған 2- ші курс студенттері өз үлестерін қосты. Аталған шараға ерікті ретінде қатысып, студенттеріміз шетелдік қатысушылармен тиімді қарым -қатынас орнатып олардың алғысына бөленді.