8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Колледж жаңалықтары

  19.06.2024ж. Жоғары медициналық колледж барлық өтініш берушілер үшін мемлекеттік қызметтің 9 түрін көрсетеді. Сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында колледж заңгері Габдуллин Б. К. колледждегі мемлекеттік қызмет түрін көрсететін бөлімшелердің жауапты тұлғаларымен оқу курсын өткізді.
  Заңгер оқыту барысында ҚР мемлекеттік қызмет көрсету саласының заңнамасы мен негізгі қағидаттары жайлы түсіндірді.

  05.06.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында «Право» ҚҚ психологі Қабылбай С.Қ. және заңгері Нурбалиева А.А. студенттерді ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке бағыттау мақсатында психологиялық тренинг өткізді.
  Тренинг барысында «Қайырымдылық» атты бейне-ролик көрсетілді. Студенттер «Миға арналған жаттығулар» әртүрлі бағытта ұйымдастырылған ойындарға белсене қатынасты. Тренинг білім алушыларға ұнады.

  04.06.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында колледж психологтері Карабаева Ж.С., Құлахметова Р.М. «Қарым-қатынасты нығайту» тренинг жаттығуларын өткізді. Алдымен «Өмір қағидаты» атты бейне-ролигі көрсетілді. Білім алушылар «Шаттық шеңбері», «Ақ парақ», «Жартастан өту», «Мен тобыма және өзіме ризамын!», «Сиқырлы қобдиша» жаттығу тренингтеріне белсене қатысты. Бір-біріне деген құрмет, ризашылық ниеттерін білдіру, қошемет көрсетумен қорытындыланды.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс