Жоғары медициналық колледжде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - Тұғырым» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті
- Қаралды: 48
13.12.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік - Тұғырым» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Шара ҚР Әнұранымен басталды.
Колледж директоры Саттар Маратұлы оқытушылар мен білім алушыларды маңызды мерекемен құттықтады. Сөз соңында оқу жылының басынан бері қала көлемінде әртүрлі бағыттағы байқауларда жеңіске жеткен студенттерді Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапаттарын табыстады.
Мерекелік іс-шараға «Ауыл» партиясы «Жастар қанатының» Астана қалалық филиалының төрағасы Мади Ходжиұлы қатысты. Мерекемен құттықтап, колледжге «Алғыс хат» тапсырды. Белсенді волонтер студенттерге Сертификат берді.
Шараға жауапты 115 м\і тобы білім алушылары белсене атсалысып, ұстаздармен викториналық ойын өткізді, Тәуелсіздіктің тәттілерінен шашу таратты. Ән салды, күй тартылды, би биленді. Естелікке суретке түсті.