8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  28.09.2023ж. Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері «Астана жастары» ЖРО КММ жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Балтабева Алуа Талғатқызы мен волонтер Бекен Бекзат Берікұлымен кездесті.      

  А.Т. Балтабева колледж білім алушыларына жастар бастамаларын қолдау, «Астана жастары» КММ жұмысының барысы мен мақсат міндеттері жайлы айтты. Студенттерді еріктілік жұмысқа шақырды. Колледж студенттері арасынан волонтерлыққа 17 білім алушы ниет білдірді.

 

  27.09.2023ж. Жоғары медициналық колледж волонтерлары 01 қазан – қарттар күніне орай Астана қаласының тұрғындары, жалғызбасты қарттардың үйінде болып, азық-түлік себеттерін алып барды.

  Үйлерін тазалап, суын алып келіп, көмек көрсетті. Дән риза болған қарттар волонтерларға ризашылығын білдірді.

  27.09.2023ж. Жоғары медициналық колледжде 1 курс 111 м\і, 112 м\і, 113 м\і, 114 м\і, 115 м\і, 116 м\і студенттері арасында мәдени қарым-қатынас, колледждегі психологиялық ақуалдың жайлылығын қамтамассыз ету  мақсатында «Зейінімізді зерделейміз!» атты психологиялық сайыс өтті. Нәтижесінде 114 м\і тобы бас жүлдені иеленді. Қалған топтар номинация бойынша марапатталды. 

 

  2023 жылдың 27 қыркүйекте Астана қаласы Жоғары медициналық колледж кітапханасының оқу залында студенттермен "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында библио-кросс өткізілді. Мақсаты: студенттерді көркем әдеби кітап оқуға тарту,сөздік қорларын байыту,сауаттылық деңгейін арттыру. Іс-шара барысында студенттер кітапхана қорымен таныстырылды. Білім алушылар өздерінің оқыған көркем әдеби кітаптарының ішінен басқа да білім алушыларға оқуға ұсына алатындай аңдатпа жасады.Шара соңында білім алушылар өздеріне ұнаған әдеби кітаптарды оқырман формулярларын жаздырып алды.

  26.09.2023 ж. Жоғары медициналық  колледж оқытушылары арасында «Интернет - алаяқтар құзырына қалай түспеуге болады?» атты тақырып бойынша дәріс оқылды. Спикерлер: Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қонысбек Айдар Болысбекұлы және «Алматы» ауданы КПБ полиция капитаны Қ.А.Кенженов.

  Кездесу-дәріс  барысында ҚР Заңнамаларын дәріптеу, интернет- алаяқтары құзырына түспеудің жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқытушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

 

  23.09.2023ж. Жоғары медициналық колледж директорының ОӨЖ жөніндегі орынбасары Кадышева И.В., ОТІ жөніндегі орынбасары К.Ы.Ахмет колледж ата-аналары арасында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы 117 бұйрығы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс