8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  14.11.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің оқытушылары мен студенттері Астана қаласы «Есіл» ауданы Халықаралық медиация орталығы, Республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Кужумбетова Галия Асембековнамен кездесті. «Медиацияның (бітімгершілік) қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта өткен ашық диалог барысында Галия Асембековна оқытушылар мен студенттерге  қазіргі кездегі Медиация – бітімгершіліктің қоғамдағы алатын орны, тұлғалар арасындағы болатын келіспеушілік мәселелерінің оң шешім табуындағы маңызы жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейне-ролик көрсетіп, сауалдарға жауап берді.

  10.11.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің 3 курс бітіруші түлектеріне Ұлттық қауіпсіздік қызметінің шекара академиясының өкілі Абат Ғабитұлы кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. Түлектерге академия дайындайтын мамандықтар жайлы айта келе, Отанын қорғайтын патриот болу әр азаматтың Отан алдындағы борышы екендігін түсіндірді. Академия жайлы бейне-ролик көрсетті, білім алушыларды оқуға шақырды.

  09.11.2023 ж.  Жоғары медициналық колледждің  ерікті студенттері «Право» ҚҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан қалалық акцияға қатысты. 131 «Акушерлік іс» тобы студенттері Жұмақ Зарина, Мейрбек Таңшолпан «Салауатты өмір салты. Ерте жүктіліктің алдын алу» атты тақырыпта Астана қаласы №67 мектеп-гимназиясының қыз балаларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Презентация көрсетіп, оқушылар тарпынан қойылған сауалдарға жауап берді.

  07.11.2023 ж.  Жоғары медициналық колледждің  ерікті студенттері «Право» ҚҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан қалалық акцияға қатысты. 131 «Акушерлік іс» тобы студенттері Нұрланқызы Құралай, Өрісбай Әйгерім «Тән саулығы – ұлт саулығы» атты тақырыпта Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясы оқушыларына презентация жасап, жастар арасында кеңінен таралып жатқан денсаулыққа зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  01.11.2023ж. «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру – бұл ең үздік мәдениет!» атты салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылған акцияға белсене қатысқан оқытушылар мен білім алушылар, топтар Мақтау қағаздарымен марапатталды. Мақтау қағаздарды Астана қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының» директоры К.Ж.Хамзин табыстады.

Құттықтаймыз!!! 

  01.11.2023ж. СӨС қалыптастыру орталығының мамандары Жоғары медициналық колледж студенттеріне психикалық денсаулықтың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Студенттер психикалық денсаулықтың алдын алу бойынша презентациямен танысты, мінез-құлықты реттеудің қарапайым тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру бойынша жаттығулар, релаксациялық жаттығулар кешені өткізілді. Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс