8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  2024 жылдың 11-12 қаңтарында тәжірибеде дәлелденген жоғары деңгейдегі тиімді технология болып табылатын  «Ерте жастағы балалар мен жүкті әйелдерге патронаждық қызмет ету үлгісімен қамтамасыз ету  әмбебап прогрессивті моделі»   тақырыбында оқыту семинары  өткізілді.  
  Семинар   жаңа патронаждық модель идеяларын тереңірек түсінетін  мейіргерлерді дайындау  және енгізу кезінде қателердің алдын алу мақсатында арнайы пән оқытушыларына арналып өткізілді. Оқыту семинарын ұлттық тренері Жаупанова Зубайда Жумабековна өткізді.

  09.01.2024ж. Жоғары медициналық колледж топ жетекшілерінің семинары өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен оларды іске асыру» атты тақырыпта өткен семинардың Бағдарламасы бекітіліп, топ жетекшілер өз тәжірибелерін ортаға салды.  
  Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған семинарда ұлттық құндылықтар Ұлттық мүдде, Ар-ұят, Талап бағыты бойынша өткізілген тәрбие сағаттары мен жүргізілген жұмыстары бойынша ой бөлісті.
  Семинарда 134 м/і тобының топ жетекшісі Шмаева К.Қ.,113 м/і қолданбалы бакалавр тобы жетекшісі Манатова К.К., 23 м/і тобының топ жетекшісі Абдирова Г.О., 22 е/і тобының топ жетекшісі Боккарина К.Б., 132 м/і тобының топ жетекшісі Карабаева Ж.С. баяндама жасады.Семинар соңында оқытушылар өз ұсыныстарын білдірді.

  29.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары арасында жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, құтты Жаңа жыл» атты мерекелік іс-шара өтті.  Мерекені колледж директоры Ақбала Нұрсейітовна ұжымды құттықтау сөзімен ашты. Оқытушыларға креативті грамоталар табыстады.
  Жаңа жылдың сәні жасыл шырша, Аяз ата мен Ақшақар шараның көркін ашты. Жаңа жылдық мерекеге тарту ретінде әр цикл оқытушылары әртүрлі кино-фильм немесе мультфимдерден үзінділер көрсетті, сценкалар қойып, тілектерін білдірді. Өте көңілді өткен Жаңа жыл кешінің соңы биге ұласып, оқытушылар еселікке суретке түсті. 
  Жаңа 2024 жыл –  Ұлу жылы құтты болсын ағайын!

       2023 ж. 28  желтоқсан  күні  колледжде әдістемелік кеңес отырысы өтті.  Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастылды:

  1. Аттестатталатын оқытушылардың жұмыс тәжірибесі есебін талдау және қорытындылау. Баяндаушылар: Ахметова Г.Б., Рахманбердыева З.Х.,  Копбаева Е.Н.                                                                                               
  2. «Үздіксіз медициналық білім беру жүйесінің инновациялық дамуы». Біліктілікті арттыру бөлімінің жұмыс есебі. Баяндаушы Байленов А.Е.                                                      
  3. Оқу үрдісінде критериалды бағалау жүйесін  қолдану. Баяндаушы: Тлеужанова А.Б.
  4. Құқықтық оқулар «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы». Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы   № 506 бұйрығы.  Баяндаушылар: Сулейменова С.Н, Жаупанова З.Ж.                                                                                      
  5. Отырыс барысында   оқылған  баяндамалар  бойынша  сұрақтар көтереліп,  талқыланды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс