8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

⚜️Ресми Кездесу

📆16-шы Ақпан күні Бір-қатар Колледж басшылығы мен кездесу өтті➡️ «Томирис» Медицина колледжінің @tomirismedical Зам Директоры Айнагуль Оспанова мен @hmc_college Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары Медицналық колледжі» МКК Зам Директоры Ахмет Кулшарипа Ыбыханқызы мен Мади Ходжиұлы ресми кездесу өткізіп, Колледждің Басшылығына Алғыс хат Табыстады 🤝🤝🤝
📌«Жастар Жалыны» ЖБ. Төрағасы және «Ауыл Жастары» ЖҚ. Елордалық Төрағасы @juzzbek Джузбек Мади Ходжиұлы Колледждердің Басшылығымен Кездесіп Жастарға арналған Жобалар мен Іс-шаралар бойынша таныстырды. Сонымен қатар Колледж Студенттерін Әлуметтік Дағдылар мен Әр түрлі бағыттар бойынша дайарлау бойынша Ұсыныс білдірді.
🔹Кездесудің Мақсаты:

1) Студенттердің Әлеуметтік деңгейін көтеру.
2)Жастарды және Студенттерді Қоғамдық іс-шараларға тарту және Студенттердің Бастамаларын қолдау.
3) Студенттердің Сапалы біліммен және Сапалы практика алуы бойынша қолдау және қадағалау.✅

📌Алдағы Уақытта Астана қаласының колледждерімен бірлесе отыра Студенттер үшін Іс-шаралар өткізетін боламыз🙌🏻

  Педагог қызметкерлерінің аттестация шеңберінде Астана қ. әкімдігінің «Жоғары медицицналық колледж» ШЖҚ МКК педагог-зерттеушіге өтініш беретін оқытушылар ашық сабақтар көрсетті. Ашық сабақтарға Астана қ. Әдістемелік орталығының өкілдері - Исина Нагима Саткеновна, Сейдахметова Бахыт Курмангалиевна қатысты. Жоспарға сәйкес келесі сабақтар өткізілді:
  Пәні «Физиология». Тақырыбы: «Қозғыш тіндер физиологиясы». 111 лаб/д (2 топша) Рахманбердыева Зульфия Халжановна –жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы.
  Пәні «Акушерлік және гинекологиядағы шұғыл көмек». Тақырыбы «Жүктіліктің 1-ші, 2-ші жартысындағы қан кетулер. МСАҚ, стационар деңгейінде, акушерлік – гинекологиялық шұғыл көмек көрсету». 131 акушер 2 топша, Анарова Айнаш  Абдунабиевна-арнайы пәндер оқытушысы
  Пәні «Математика». Тақырыбы: «Көпжақтар және оның элементтері». 11 м/і
  Копбаева Елмира Назаркуловна – математика пәнінің оқытушысы
  Барлық сабақтар әдістемелік орталығының әдіскерлерінен оң пікір алды.

  15.02.2024 ж. Жоғары медициналық колледж жатақханасында Астана қаласы полиция Департаменті кинологиялық қызмет орталығының полиция капитаны, аға инспектор Дауылбаев Үсен Шералыұлы және полиция капитаны Кабиденова Эльмира Молдабаевна болып, білім алушылардың тыныс-тіршілігімен танысты, жатын бөлмелерді аралап көрді.

  Онан соң «Есірткіге қарсы күрес» тақырыбында студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп кездесу өткізді. Жастар арасында есірткі пайдалану, тасымалдаудың алдын алу мақсатында өткен шараның қоғам үшін маңызы зор.

  13.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Астана медицина университеті» базасында өткен Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылуына 35 жылдығына орай өткізілетін салтанатты жиынға қатысты. 

  «Қапшағайдан Кабулға дейін» 177 арнайы мақсаттағы жеке жасақ» атты тақырыпта өткен жиында Ауған соғысының ардагерлерін құттақтап, концерттік бағдарлама қойылды. Студенттердің Отан алдындағы борышын адал атқаруға, елін, жерін сүюге, қорғауға деген көзқарасын қалыптастырды.

  13.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылары арасында және колледж жатақханасында тұратын студенттерімен Астана қаласы Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментiнің жедел уәкілі Файзуллин Жанат Айткабылович кездесті. 

  Кездесу барысында жастар арасында белең алған есірткі қолданудың Заң алдындағы жауапкершілігі жайлы «Есірткіні тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері және олардың салдары туралы» тақырыбында лекция оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс