8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  01.03.2024 ж. Жоғары медициналық колледжі қолданбалы бакалавр тобы түлектеріне диплом беру рәсімін өткізді. Іс-шара Оқушылар сарайында өтті. Диплом беру рәсіміне қорытынды мемлекеттік аттестация комиссия мүшелері қатынасты. Іс-шара мемлекеттік әнұранымен ашылды. Колледж директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы салтанатты шараның құттықтау сөзін айтып, түлектерге диплом табыстады. Колледж қабырғасында үлгілі білім мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан түлектерді Алғыс хаттармен марапаттады.
​  Ант қабылдау – абыройлы міндет. Денсаулық саласында өз міндеттерін абыроймен орындау, өз кәсібіне мінсіз қызмет ету үшін түлектер ант қабылдады. Колледж студенттері ән орындап, би биледі, түлектерге ақ жол тіледі.
  Ақ жол саған, жас түлек!!!

  01.03.2024 ж. №1 арнайы пәндер ЦӘК онкүндігінде және педагогтерді аттестациялау аясында арнайы пән оқытушылары Жетібаева У.Ж. және Ахметова Г.Б. ашық сабақтар көрсетті. Оқытушы Жетибаева У.Ж. 133 м/і тобындағы (ІІ топша) «Терапиядағы қарқынды мейіргерлік күтім» пәні бойынша «Анафилактикалық шок, есекжем, ангионеврозды ісіну» тақырыбындағы симуляциялық сабақ. Сабақта оқытудың белсенді әдістері байқалды: презентацияны қорғау, миға шабуыл «Айналдыру ойыны», жағдаяттық есептерді шешу, рөлдік симуляциялық ойындар, «Quizizz» цифрлық платформасы арқылы тест тапсырмалары, рефлексия, критериалды бағалау әдістері.
  Оқытушы Ахметова Г.Б. 135 м/і тобындағы (ІІ топша) «Терапиядағы қарқынды мейіргерлік күтім» пәні бойынша «Асқазаннан қан кету. Өкпеден қан кету» тақырыбындағы симуляциялық сабақ. Сабақта миға шабуыл, презентация қорғау, рөлдік ойындар арқылы жағдаяттық есептерді шешу, Quizizz платформасы арқылы тест тапсырмаларын орындау, кері байланыс рефлексиясы арқылы білімді жаңартуды қолдану байқалды.

  29.02.2024 ж. колледжде әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1. Мейіргерлік білім беру ғылыми негізгісі-құзыреттілік мамандар жаңа формациясын қалыптастырудың негізгі факторы. Қолданбалы бакалавр түлектерінің білім беру бағдарламасы бойынша дипломдық және курстық жұмыстарын орындау және қорғау.
2. Педагогикалық әдеп кеңесінің ұйымдастыру туралы. Колледждің оқу үрдісіндегі білім беру технологиялардың қолданылудың тиімділігі.
3. Тургынова Ж.О. - жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы
4. Колледждің Корпоративтік этика және мінез-құлық кодексі. Оразбеков Д.Б. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері.

  2024 жылдың 29 ақпанда "Жоғары медициналық колледж" кітапханасының оқу залында 21 емдеу ісі тобы студенттерінің қатысуымен қазақтың көрнекті жазушысы ,ақын,драматург Әбілда Тәжібаевақа арналған әдеби кеш өтті. Кітап көрмесі де ұйымдастырылып студенттерге таныстырылды. Іс-шараның мақсаты: қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Әбілда Тәжібаевтың  шығармашылық мұраларын зерделеу.Көркем туындылардың шоғырын дүниеге әкелген тау тұлға қайраткердің құнды  шығармалары мен өлеңдерін насихаттау, рухани дүниесі бай жастарды тәрбиелеу.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.

  28.02.2024 ж. Жоғары медициналық колледж базасында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай адамдар арасындағы бір-біріне деген сүйіспеншілік, қарым-қатынастағы сыпайылық, әдептілік, кішіпейілділік, ізеттілікке насихаттау мақсатында «Алғыс айту-парызым!» атты мерекелік іс-шара өтті.
  Шара барысында білім алушылар ата-аналарына, ұстаздарына, достарына деген ыстық ықыластарын білдірді. Алдын ала студенттер арасында ұйымдастырылған «Ыстық ықылас – Алғыс айту» челленджінің презентация-видеоролигін көрсетті. Ұлттық бимен ашылған іс-шарада қатысушылар ән орындады, мәнерлеп өлең оқыды. Шара соңында естелікке суретке түсті.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс