8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  Ағымдағы жылдың 01.04 – 17.05 аралығында Жоғары медициналық колледжінде «Патриот» айлығы аясында «Әскери-патриоттық» бағытта іс-шаралары өткізіледі.
Іс-шара барысында суреттер байқауы, тақырыптық ерлік сабақтары, водеороликтер мен патриоттық ән челленджі ұйымдастырылады. Отан алдындағы азаматтық борышын адал атқарған бабаларымыздың ерліктеріне бас иіп, насихаттауға өз үлесіңді қос!

  02.04.2024 ж. №3 емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің СӨС дәрігері Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «Дұрыс тамақтану принциптері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында дұрыс тамақтану ережелерін сақтамау салдарынан таралатын жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу мәселелері айтылды, сондай-ақ иммундық жүйе мен жалпы денсаулық үшін салауатты өмір салты қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы мәселесі көтерілді. Тамақтану профилактикасы мәселелерінде хабардарлықты арттыру бойынша студенттермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  29.03.2024 ж. №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің және «Жас толқын» ЖДО мамандары Жоғары медициналық колледж студенттерімен Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Көңілді старт» спорттық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараға студенттерден тұратын бірнеше команда қатысты, олар жылдамдық, ептілік, төзімділік, қимылдарды үйлестіру және ептілік эстафеталары бойынша бақ сынасты.
Іс-шара спорттық және достық атмосферада өтті. Шара соңында жеңімпаз командаларды марапаттау және барлық қатысушылармен және жанкүйерлермен ортақ фотоға түсті. №3 қалалық емхана басшысының атынан колледжге Алғыс хат табысталды.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс