8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  18.11.2023 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Право» ҚҚ ұйымдастыруымен оқу орындары студенттерінің арасында өткен қалалық суреттер байқауына 12 м/і тобы білім алушысы Ерёменко Мадина, 32 м/і тобы студенті Иванющенко Диана қатынасып ІІ – орын, 80 000 тг.Сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

  16.11.2023ж. Жоғары медициналық колледждің «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген  қалалық «AntiParaCraft - 2023» QUIZ интеллектуалды сайысына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Жарайсыңдар!

  16.11.2023ж. Жоғары медициналық колледж «Алтын күз – 2023» байқауын өткізді. Байқау қорытындысы 9 сыныптан кейінгі білім алушылар мен 11 сыныптан кейінгі білім алушылар арасында жеке бөлек бағаланды. Тартысты да қызықты өткен байқау нәтижесінде 9 сыныптан кейінгі топтар арасында:

  14 «Мейіргерлік іс» - І  орын

  12 «Мейіргерлік іс» - ІІ  орын

  13 «Мейіргерлік іс» - ІІІ орын

  11 сыныптан кейінгі топтар арасында:

  114 «Мейіргерлік іс» - І  орын

  113 «Мейіргерлік іс» - ІІ  орын

  115 «Мейіргерлік іс» - ІІІ орын алды

  Бас жүлдені 11 «Мейіргерлік іс» тобы иеленді. Құттықтаймыз!

– Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

  2023 ж. қарашаның 15 күні  Астана қаласы әкімдігінің  «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК  Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті.

  Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тиімді әдістер мен нысандарды пайдалану арқылы сапалы білімге қол жеткізу. Жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы  Жакупова М.О.  «Бақылау сұрақтарының әр түрлі нысандары және өткізу әдістері» тақырыбында баяндама оқыды. Оқытушы сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігін, яғни білім алушылардың ойлау дағдыларын дамытуға,   ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына  қол жеткізетіні туралы айтты.Сабақ аясында бақылау сұрақтарының  тиімді және нәтижелі әдістерді қолдану жолдарымен бөлісті. 
  Колледж психологі  Кулахметова Р.М.  «Білім алушылармен қарым қатынасты орнату» атты тренинг өткізді.  Студенттің қарым-қатынас дағдылары мен икемділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік психологиялық қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, студенттермен жағымды қарым-қатынас позициясын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады деген ойымен бөлісті.

  14.11.2023 ж. Жоғары медициналық колледждің оқытушылары мен студенттері Астана қаласы «Есіл» ауданы Халықаралық медиация орталығы, Республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Кужумбетова Галия Асембековнамен кездесті. «Медиацияның (бітімгершілік) қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта өткен ашық диалог барысында Галия Асембековна оқытушылар мен студенттерге  қазіргі кездегі Медиация – бітімгершіліктің қоғамдағы алатын орны, тұлғалар арасындағы болатын келіспеушілік мәселелерінің оң шешім табуындағы маңызы жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейне-ролик көрсетіп, сауалдарға жауап берді.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс