8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  16.04. 2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ» апталығына орай «Эстетикалық қарым-қатынас» бағытында «Жастар» театрында өткен «Сүйікті етші, сүйіктім» атты лирикалық драмаға барды. Қойылым білім алушыларға қатты ұнады. Театрда естелікке суретке түсіп, жақсы әсермен келді.

  15.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж базасында 15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар күніне арналған төл мәдениетіміз бен төл әдебиетіміздің кейіпкерлерін ұлықтау мақсатында «Махаббат әлемі» атты іс-шара өтті.
  Студенттер өздеріне берілген образдар бойынша қойылым қойып, бақ сынасты. Әрбір махаббат иелерінің бір-біріне деген ыстық сезімдерін білдіріп, образға кірді, көрермендерді дән риза етті. Байқауға қатысушылардан көркем әдеби шығармалармен толық танысып, оқығандығы байқалды.
Нәтижесінде бас жүлде 14 м/і, І орын 11 м/і
ІІ орындар 12 стом., 111 Акушерлік іс
ІІІ орындар 111 м\і, 114 м/і қ. бакалавр топтары иеленді, қалған қатысушыларға номинациялар берілді. Бас жүлде иегерлеріне театрға «Сүйікті етті сүйіктім» атты қойылымға билеттер қоса табысталды.
  Құттықтаймыз!!!

  13.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде «Таза өлке» бағыты бойынша студенттерге тазалықты сақтауды насихаттау мақсатында «Тазалық пен әсемдік» атты бірыңғай танымдық сағаттарын ұйымдастыруды бастады. Танымдық сағаттар өз жалғасын табатын болады.

#GreenCity
#AstanaGreen
#Tazameken
#КөркемAstana
#ТазаАстана

  13.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан сенбілікке қатысты.
«Тазалық – табалдырықтан басталады». Олар колледж маңы мен жатақхана айналасын тазартты. Қоршауларды жуып, ретке келтірді, ағаштарды әктеді.
#GreenCity
#AstanaGreen
#Tazameken
#КөркемAstana
#ТазаАстана

  13.04.2024 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы шеңберінде «Астаналық білім алушы – тазалық пен тәртіптің үлгісі» челленджін бастады.
11 «Мейіргерлік іс» тобынан бастау алған челлендж колледжің 12 м/і тобына жолданды. «Таза өлке» апталығы бағытында өткізіліп отырған іс-шара өз жалғасын табатын болады.
#GreenCity
#AstanaGreen
#Tazameken
#КөркемAstana
#ТазаАстана

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс