8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  22.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің студенттері арасында педагог-психолог Р.Құлахметова «Мен және қоғам» байланыс сағаты аясында «Жат қылықтардан аулақ болайық» (Ішімдік және есірткі – тұңғиыққа қадам) тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
  Шара барысында білім алушылар жат қылықтардың қоғамға келтірер зиянын насихаттау барысында көріністер қойды, презентация көрсетті.

  21.02.2024ж. Алаштың ақиық ақыны, сұңғыла жазушы, драматург, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған «Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап» атты орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында өткен қалалық мәнерлеп оқу сайына 113 м/і қолданбалы бакалавр тобы студенті Сәрсенби Аян қатысып, жүлделі ІІІ – орын Дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
  Жетекшісі - Гулшарипа Ыбыханқызы

  19.02.2024ж. Жоғары медициналық колледждің 111 «Акушерлік іс» тобы студенттері арасында топ жетекшісі Г.О.Бозбаева «Мен және қоғам» атты ақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатында білім алушыларға зиянды әдеттерге қатысты бейнефильм көрсетумен қатар «Мен және қоғам» тақырыбында презентация таныстырылды. Студент өмірінің қауіпсіздігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  19.02.2024 ж. № 3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «МӘМС» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында міндетті медициналық сақтандыру мәселелері, жүйенің артықшылықтары, сондай-ақ сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтарға берілетін көмек көлемі айтылды. Сондай-ақ, төлемдер, азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мәселелері қаралды. Студенттермен медициналық сақтандыруға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Джуманов Ғұламжан Иристаевич қатысып, студенттердің берген сауалдарына жауап берді.

⚜️Ресми Кездесу

📆16-шы Ақпан күні Бір-қатар Колледж басшылығы мен кездесу өтті➡️ «Томирис» Медицина колледжінің @tomirismedical Зам Директоры Айнагуль Оспанова мен @hmc_college Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары Медицналық колледжі» МКК Зам Директоры Ахмет Кулшарипа Ыбыханқызы мен Мади Ходжиұлы ресми кездесу өткізіп, Колледждің Басшылығына Алғыс хат Табыстады 🤝🤝🤝
📌«Жастар Жалыны» ЖБ. Төрағасы және «Ауыл Жастары» ЖҚ. Елордалық Төрағасы @juzzbek Джузбек Мади Ходжиұлы Колледждердің Басшылығымен Кездесіп Жастарға арналған Жобалар мен Іс-шаралар бойынша таныстырды. Сонымен қатар Колледж Студенттерін Әлуметтік Дағдылар мен Әр түрлі бағыттар бойынша дайарлау бойынша Ұсыныс білдірді.
🔹Кездесудің Мақсаты:

1) Студенттердің Әлеуметтік деңгейін көтеру.
2)Жастарды және Студенттерді Қоғамдық іс-шараларға тарту және Студенттердің Бастамаларын қолдау.
3) Студенттердің Сапалы біліммен және Сапалы практика алуы бойынша қолдау және қадағалау.✅

📌Алдағы Уақытта Астана қаласының колледждерімен бірлесе отыра Студенттер үшін Іс-шаралар өткізетін боламыз🙌🏻

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс