8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  20.03.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ» республикалық домбырашылар челленджіне қатысты. Қазақ халқының ұлттық аспаптары мен музыкасына, күй өнеріне деген құрмет сүйіспеншілікті насихаттау мақсатында қатынасқан білім алушылар «Ерке сылқым» күйін орындады.

  18.03.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді насихаттау мақсатында өткен «Ұлтық киім күні» бірыңғай іс-шарасы аясында «Қара жорға» челленджіне қатысты.
Челленджге Студенттік Парламент мәдениет және өнер фракциясының студенттері қатысты.
#наурызшуағы
#наурыз2024
#ұлыстыңұлыкүні
@parlament_school_student

  12.03.2024ж. Жоғары медициналық колледжде 22 наурыз мерекесі қарсаңы «Наурыз шуағы» бірыңғай іс-шарасы аясында Ұлттық ойын күні бағытында қазақ халқының ұлттық ойындары «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес тас», «Қазақша күрестен» студенттер арасында қызықты сайыстар ұйымдастырылды.
Боз балалар мен қыздар арасында өткен жарыс өте көңілді де тартысты өтті. Шараның мақсаты қазақ халқының ұлттық ойындарын насихаттау.

  16.03.2024ж. Жоғары медициналық колледж студенттері «Наурыз шуағы» бірыңғай іс-шарасы аясында 22 наурыз мерекесі қарсаңында Қайырымдылық күнін өткізді.
Қайырымдылық күні Астана қаласы Көкжелек көшесі 2/2 үйінің тұрғыны І топтағы мүгедектігі бар Доротенко Екатерина Федоровнаға азық-түлік себетін алып барды, ауласын қардан тазалады.
Зейнеткер Доротенко Е.Ф. колледж студенттеріне ыстық ықыласын білдіріп, алғысын айтты.
# ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

  15.03.2024ж. Жоғары медициналық колледжде Мәдениет және өнер фракциясының студенттерінің ұйымдастыруымен 22 наурыз мерекесі қарсаңында «Ұлттық киім күніне» орай «Ұлттық костюмдер шеруі» ұйымдастырылды.
Шараға қатысқан білім алушылар қазақ халқының ұлттын нақыштағы киімдері мен қыз балалардың шашбау, сырға, алқа тағу мәдениетін насихаттады.

  2024 жылдың 15 наурызында Жоғары медициналық колледж кітапханасының оқу залында жазушы, сценарист және драматург, қазақ әдебиетін орыс тіліне аударушы Морис Симашконың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Морис Симашко І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын және басқаларын орыс тіліне аударғаны үшін Қазақ КСР Мемлекеттік Абай атындағы сыйлығының лауреаты.Кітапхананың оқу залы назарларыңызға «Морис Симашконың жұлдызды саяхаты» әдеби көрмесін ұсынады. . Жазушының шығармашылығымен танысу үшін көрмені тамашалаңыз.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс