8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

БАСҚАРУ

Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжінде» жалпы сейсмикалық оқытуды өткізу туралы

Тақырыбы: «Жер сілкінісі кезіндегі жоғары медициналық колледждің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің іс-әрекеті»

Оқу мақсаттары: Жалпы – медициналық колледждің жер сілкінісінен қорғау шараларын жүргізуге дайындығын тексеру. Басшылық, профессорлық-оқытушылық құрам және қызметкерлер үшін – жер сілкінісінен қорғау шараларын ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық дағдыларды меңгеру. Құрамалардың жеке құрамы үшін – хабарлау, жинау, жарақтандыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру. Қызметкерлер мен студенттер үшін – жер сілкінісі кезінде практикалық әрекеттер мен дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Уақыты: 12:40. 2024 жылдың 12 наурызы

Өткізілетін орны: оқу корпусының ғимараттары, медициналық колледждің аумағы және стадионы.

Сейсмикалық оқуға қатысушылар: медициналық колледждің барлық қызметкерлері.

Тәрбиелік сұрақ: жұмыс орнында сабақ кезінде симуляциялық жер сілкінісі кезіндегі медициналық колледж басшылығының, педагогикалық ұжымының, қызметкерлері мен студенттерінің практикалық іс-әрекеттері.

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
  «Астана студенттер Альянсы»
Республикалық студенттерінің қозғалысы мен Астана медициналық жоғары колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

@qsa_ask
@qsa_astana
@hmc_college
@nauken_ulan
@_bahitova_a_
@erlan_kiikbai
@zhanaeva_077

  2024 жылдың 7 наурыз күні “Жоғары медициналық колледж” кітапханасының оқу залында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай “ Ана- тіршіліктің тірегі” атты көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмесімен кітапханашы студенттерді таныстырды.

  01.03.2024 ж. Жоғары медициналық колледжі қолданбалы бакалавр тобы түлектеріне диплом беру рәсімін өткізді. Іс-шара Оқушылар сарайында өтті. Диплом беру рәсіміне қорытынды мемлекеттік аттестация комиссия мүшелері қатынасты. Іс-шара мемлекеттік әнұранымен ашылды. Колледж директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы салтанатты шараның құттықтау сөзін айтып, түлектерге диплом табыстады. Колледж қабырғасында үлгілі білім мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан түлектерді Алғыс хаттармен марапаттады.
​  Ант қабылдау – абыройлы міндет. Денсаулық саласында өз міндеттерін абыроймен орындау, өз кәсібіне мінсіз қызмет ету үшін түлектер ант қабылдады. Колледж студенттері ән орындап, би биледі, түлектерге ақ жол тіледі.
  Ақ жол саған, жас түлек!!!

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс