8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  18.01.2024ж. Жоғары медициналық колледж ұжымы мен «Шуақ» еріктілер клубы студенттері Республикалық «Жаңа жылдық экспресс» атты жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар үшін қайырымдылық акциясына қатынасты. Акция «Дар» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен өтті.

  Бүгін «Дар» ҚҚ атынан колледж ұжымына, директоры Ақбала Нұрсейітовнаға, директордың ОТІ жөніндегі орынбасары Гулшарипа Ыбыханқызына, колледждің «Шуақ» еріктілер клубы студенттеріне «Алғыс хат» жіберілді.

#Қайырымдылық жасау – шарапатты іс.

  18.01.2024ж. 2024 жылғы 03 қаңтардағы мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» «Мен жастарға сенемін»... сұхбаты бойынша жарияланған мақаласы аясында Жоғары медициналық колледж студенттері Алматы ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі, «Медиа» тобының төрағасы Адрешев Манап Бектасұлы және Алматы ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ахметова Қарлығаш Мұхаммеджанқызымен кездесті.

  Кездесу барысында білім алушыларға мемлекет басшысының 2024 жылы елімізде атқарылатын бірқатар ауқымды да маңызды іс-шаралар, мемлекет пен қоғамның ұстанымы ортақ болуы, мемлекетіміздің Тәуелсіздігі мен біртұтастығы мызғымастай берік болу жолында атқарылып жатқан маңызды мәселелер жайлы талқыланды.  

  2024 жылдың 16 қаңтарында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 113 м/і және 114 м/і топтары арасында «Мен латын тілін білемін» атты латын тілінен сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: «Өтілген тақырыптар бойынша білім, білік дағдыларын тиянақтау, өз бетімен жеке жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту».
  Сайыс тапсырмаларында анатомия және физиология пәндерімен пәнаралық байланыс болғаны байқалды.  Бұл сайысқа студенттер үлкен қызығушылықпен қатысып отырды.  Нәтижесінде, 114 м/і тобы біраз ұпай жинап, дипломмен марапатталды.

  15.01.2024ж. күні, жас мамандарға кардиология қызметінің негізгі стратегиялық бағыты – шұғыл жағдайда тұрғындарға жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету екендігі, тәждік артерияларының жіті жетіспеушілігін жылдам, тұрақты және толық түрде диагностикалау, ол - өлімнің алдын алатындығын жас мамандарға ұғындыру мақсатында «Электрокардиограмманы қалыптастырдың векторлық тұжырымдамасы» атты шеберлік сабағы өтті. Сабақ барысында, жүректің жіті коронарлық синдромы бар пациенттердің көптігін, популяцияның көптігін және өліммен аяқталатынын ескере отырып, уақытылы нақты диагноз қоя біліп, емдеу әдісін қолдану стратегиясын дамыту өте маңызды екендігі, жас мамандардың назарына ұсынылды.

  2024 жылдың 11-12 қаңтарында тәжірибеде дәлелденген жоғары деңгейдегі тиімді технология болып табылатын  «Ерте жастағы балалар мен жүкті әйелдерге патронаждық қызмет ету үлгісімен қамтамасыз ету  әмбебап прогрессивті моделі»   тақырыбында оқыту семинары  өткізілді.  
  Семинар   жаңа патронаждық модель идеяларын тереңірек түсінетін  мейіргерлерді дайындау  және енгізу кезінде қателердің алдын алу мақсатында арнайы пән оқытушыларына арналып өткізілді. Оқыту семинарын ұлттық тренері Жаупанова Зубайда Жумабековна өткізді.

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс