8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  09.02.2024ж. Жоғары медициналық колледжде ақиық ақын М.Мақатаевтің туылған күніне орай «Поэзия, меніменен егіз бе едің» атты әдеби музыкалық кеш өтті. Кешті 111 м/і тобы студенттері ұйымдастырды. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды. Өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды. Студенттер ақын шығармасынан көрініс қойды.
  Алдын ала колледж студенттері арасында ақын өлеңдерінен мәнерлеп оқудан онлайн байқауы өтті. Нәтижесі шығарылып, кеш барысында студенттер марапатталды.

Ардагерлерді ардақтау - әдептіліктің белгісі!

🌏Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Астана қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері, Білім басқармасы және Жоғары медициналық колледжі, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен, жалпы білім беретін мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Ауған соғысы ардагерлерімен ерлік сабақтары өтті.

📌Ерлік сабақтың мақсаты: өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік қасиет қалыптастыру.

🔥Ауған алауы мәңгі жадымызда!

#jassarbaz #jassarbaz_astana #kazakhstan #ерліксабағы #astana #спорт #жассарбаз #ауғансоғысы #ардагерлер

  06.02. 2024 ж. Жоғары медициналық колледж оқытушылары мен студенттері І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гиназиясында өткен кәсіби бағдар беру іс-шарасы «Ашық есік» күніне қатысты. Оқытушы А.Бекболқызы, 2 курс студенттері  Аман Айман және Несіпбекқызы Гүльназ мектеп оқушыларына колледж дайындайтын мамандықтар жайлы ақпараттар берді.
  Сұранысқа ие медицина мамандығының қыр-сыры, колледж жеткен жетістіктер мен мүмкіндіктер жайлы білім алушыларға материалдар таратты.
#кәсібибағдар

  28.01.2024г. Ағымдағы жылдың 17 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында жастар ортасында жасампаз ұжымдық, шығармашылық позитивті қатынастарды қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында өтіп жатқан «ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» акциясы аясында «КІШІ ЗИЯТКЕРЛІК АКАДЕМИЯ» бағыты бойынша Жоғары медициналық колледждің 115 м/і тобы мен 116 м/і топ студенттері арасында танымдық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған зияткерлік сайыс өтті.  
  Сайысты өткізуге колледж оқытушылары Жиеналина Б.А, Акбергенова Ж.К, Бекболқызы Айсауле жауапты болды.
  Зияткерлік сайыс білім алушылардың арасындағы сыйластық, достықты насихаттау барысында зияткерлік шығармашылық қасиеттерін шыңдады.  

#dosbollike

  2024 жылдың 25 қаңтар күні Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК базасында «Әдістемелік кеңес сағаты» жобасы аясында Астана қаласы Әдістемелік орталығы ТжКББ бөлімінің әдіскерлерімен «ТжКББ  ұйымдарында әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру» атты  семинар  өткізілді. Барлығы 39 оқытушы қатысты. 

    Семинар бағдарламасы:
  Тренинг: «ТжКББ ұйымдарындағы оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары». Сейдахметова Б.Қ.
  «Педагогтердің авторлық материалдары: сараптама үлгісі». Давлетбаева Р.К.
  Шебер-сынып: «Педагог құзыреттілігінің бір қыры – сандық технологияларды қолдану». Мылтыкбаева Ж.Т.
  Пікір алмасу. Кері байланыс. Сейдахметова Б.Қ.

  25.01.2024ж. Жоғары медициналық колледж жатақханасында тұратын студенттер арасында Астана қаласы «Алматы» ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімінің өкілдері полиция капитаны Д.А.Ибраев, полиция қызметкері А.П.Аралбаева «Отбасындағы зорлық-зомбылық әрекеттері» тақырыбында дәріс өткізді.  
  Үйдегі зорлық-зомбылық басқа зорлық түрлерінен немен ерекшеленетінін, оның түрлері жайлы түсіндірді. Дәріс соңында студенттердің сұрағына жауап берді, ақпараттық материалдар таратты.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс