8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

 08.09.2023ж. Жоғары медициналық колледжде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша колледж оқытушылары С.Н.Сүлейменова, А.И.Ақбергенова Жолдаудың маңызына, елімізде ауқымды саяси жаңғыру жұмыстарының жүргізілгендігіне тоқтала отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 ҚР Президентінің Жолдауында атап көрсетілген Білім және денсаулық сақтау саласындағы міндеттерін сапалы іске асыру аспектілері бойынша ұжымның пікір алмасуы болды.

 03.07.2023ж.  Жоғары медициналық колледждің 2023 жылғы бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шара ҚР Әнұранымен басталды.
Диплом беру рәсіміне Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қайкенов Берік Талғатұлы, Астана қаласы әкімдігінің қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Садетхан Бота.
 Астана қаласы әкімдігінің №5 қалалық емханасының бас мейірбикесі, мемлекеттік аттестациялық комиссияның төрайымы Абенова Күлзи Танашевна, Астана қаласы әкімдігінің №1 қалалық емханасының бас мейірбикесі, мемлекеттік аттестациялық комиссияның мүшесі Достаева Нурсулу Даудовна қатысты.
 Колледж директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы ата-аналар мен түлектерді диплом алу мерекесімен құттықтады. Түлектер оқытушыларға тілек ниеттерін білдіріп, шара соңында қоштасу вальсін биледі.
Сәт сапар, саған жас түлектер!

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс