8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  19-25.12.2023 ж. күндері аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК «Психология – ғажайыптар әлемі» атты психологиялық апталық өтті. Апталық барысында педагог-психолог Р.М.Құлахметованың ұйымдастыруымен білімгерлер арасындағы мәдени қарым-қатынастың дәрежесін көтеру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын студенттерге қолдау көрсету, студенттердің сессия алды кезеңінен қиындықсыз өтуіне үлес қосу, жалпы колледждегі психологиялық ақуалдың жайлылығын қамтамассыз ету  мақсатын көздеген, кәмелетке толмаған студенттерден құралған топтар арасында психологиялық сайыстар, тренингтер өтті. Жас оқытушылармен тренинг-сабақ өткізілді.
  Қорытынды кеште, жүлдегер топтар арасында ұйымдастырылған сайыста зерттеулердің маңыздылығы, тапсырманы орындау дәлдігі,  топтың ұйымшылдығы және өзге топпен қарым-қатынас мәдениеттілігін бағалау барысында, 114 м\і тобы бас жүлдені иеленсе, өзге топтар «Жаңашыл топ», «Ұйымшыл топ» атты номинацияларды иеленді. Психологиялық апталық, оқытушылар мен студенттерге әдемі көңіл-күй сыйлады.

Жаратылыстану – ғылыми, әлеуметтік – экономикалық және жалпы гуманитарлық пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының 2023-2024 оқу жылының 11-23 желтоқсан аралығында

 «Игіліктің барлығы-ғылымда, ұлылық -танымда» атты

10 күндік марафон өткізілді

Жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізілді.

  14.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 32 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жүрегімнің төрінде» атты салтанатты іс-шарасын өткізді. 
  Қазахстан Республикасының Мемлекеттік Туы құрметпен кіргізіліп, Әнұран орындалды. Колледж директоры Саржанова А.Н. келген қонақтарды, оқытушылар мен студенттерді Тәуелсіздік күнімен құттықтап іс-шараның бет пердесін ашты.   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай  тұңғыш рет «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы ашылу рәсімі өтті. «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелігіне қабылдау үшін Жас Сарбаз қозғалысы Астана қалалық филиалының төраға орынбасары Маханбет Айдархан Шыңғысханұлы клуб мүшелеріне куәлік табыстады.   
  Мерекелік шараға Ауған соғысының ардагері Нұртаев Ғалым Абдыхамитұлы, Тастаганов  Алимжан Сейтханович, Чернобыль атом-электр стансасының апаттық зардабын жою жолында Отан алдындағы борыштарын атқарған Жумадилов Данияр Мухамеджанович, Кездекбаев Мақсат Джумашевич шақырылды.  Ән айтылып, би биленді, қонақтарға құрмет көрсетілді. Шара соңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелері қонқтармен естелікке суретке түсті.

  2023 жылдың 14 желтоқсанда Астана қаласы Жоғары медициналық колледж акт залында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай патриоттық іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға колледж кітапханашылары "Тәуелсіздік - ел тұғыры" атты кітап көрмесін жасады.

  09.12.2023ж. Жоғары медициналық колледж дебат клубы мүшелері «Ақиқат сыйы» командасының белсенділері 11 м/і тобы студенттері Шымырбай Ұлпан, Айтжанова Ақнәзік «Ауыл» ХДПП Астана қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында өткен «Shanyraq CAP» пікірсайыс турнирінде ІІІ-орын Дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс