8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  13.10.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттерімен «Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС өкілдері теолог Нұрахметұлы Арман, маманы Айдарқұл Марлен, психолоіг Садыкова Ж.А., Астана қ. Алматы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Айгерім М.Д., Астана қ. әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО КММ маманы - Зулбеков Нуржан және Астана қ. Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Амангелді Олжаспен кездесу өтті. Дін мәселесіне қатысты, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  2023 ж. қазанның 12 күні Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Замануи  сабақтың  талаптары.  Негізгі  кезеңдері» тақырыбында оқыту семинары өтті. 
  Жалпы білім беру пәндер оқытушысы Боккарина К.Б. «Критериалдық бағалау» тақырыбында  және  жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Тургынова Ж.О. «Замануи сабақты өткізудегі қойылатын талаптар, негізгі кезеңдер» тақырыбында  баяндамалар оқылды. Семинар барысында  сабақтың құрылымы, сабақ әдістері, сабақ түрлері және бағалау критерийлері бойынша саұрақтар көтерілді. 

 

  2023 жылдың 04 қазанда Астана қаласы Жоғары  медициналық колледж кітапханасының оқу залында Ұстаздар күніне орай “Ұстаз-ұлы есім” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу,сыйлау және қадірлеу қасиеттерін білім алушылардың бойына дарыту. Жас ұрпақты тәрбиелеу , білім беру жолындағы оқытушылардың толымды еңбегі шын пейілге және алғысқа лайық екендігін кітапханашылар ұйымдастырған кітап көрмесі арқылы студенттерге айқын жеткізеді.

  29.09 – 30.09.2023 ж. Жоғары медициналық колледж топ жетекшілері өз топтары арасында 01 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты тақырып аясында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді.

 

  28.09.2023ж. Жоғары медициналық колледждің 1 курс студенттері «Астана жастары» ЖРО КММ жастар бастамаларын қолдау бөлімінің маманы Балтабева Алуа Талғатқызы мен волонтер Бекен Бекзат Берікұлымен кездесті.      

  А.Т. Балтабева колледж білім алушыларына жастар бастамаларын қолдау, «Астана жастары» КММ жұмысының барысы мен мақсат міндеттері жайлы айтты. Студенттерді еріктілік жұмысқа шақырды. Колледж студенттері арасынан волонтерлыққа 17 білім алушы ниет білдірді.

 

2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс