№1 арнайы пәндер ЦӘК онкүндігінде және педагогтерді аттестациялау аясында арнайы пән оқытушылары Жетібаева У.Ж. және Ахметова Г.Б. ашық сабақтар көрсетті
- Қаралды: 105
01.03.2024 ж. №1 арнайы пәндер ЦӘК онкүндігінде және педагогтерді аттестациялау аясында арнайы пән оқытушылары Жетібаева У.Ж. және Ахметова Г.Б. ашық сабақтар көрсетті. Оқытушы Жетибаева У.Ж. 133 м/і тобындағы (ІІ топша) «Терапиядағы қарқынды мейіргерлік күтім» пәні бойынша «Анафилактикалық шок, есекжем, ангионеврозды ісіну» тақырыбындағы симуляциялық сабақ. Сабақта оқытудың белсенді әдістері байқалды: презентацияны қорғау, миға шабуыл «Айналдыру ойыны», жағдаяттық есептерді шешу, рөлдік симуляциялық ойындар, «Quizizz» цифрлық платформасы арқылы тест тапсырмалары, рефлексия, критериалды бағалау әдістері.
Оқытушы Ахметова Г.Б. 135 м/і тобындағы (ІІ топша) «Терапиядағы қарқынды мейіргерлік күтім» пәні бойынша «Асқазаннан қан кету. Өкпеден қан кету» тақырыбындағы симуляциялық сабақ. Сабақта миға шабуыл, презентация қорғау, рөлдік ойындар арқылы жағдаяттық есептерді шешу, Quizizz платформасы арқылы тест тапсырмаларын орындау, кері байланыс рефлексиясы арқылы білімді жаңартуды қолдану байқалды.