№ 3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «МӘМС» тақырыбында семинар өткізді
- Қаралды: 154
19.02.2024 ж. № 3 қалалық емхананың профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің СӨС дәрігері А. Нұрмағамбетов Жоғары медициналық колледж студенттері арасында «МӘМС» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында міндетті медициналық сақтандыру мәселелері, жүйенің артықшылықтары, сондай-ақ сақтандырылған және сақтандырылмаған азаматтарға берілетін көмек көлемі айтылды. Сондай-ақ, төлемдер, азаматтардың міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мәселелері қаралды. Студенттермен медициналық сақтандыруға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Семинарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Джуманов Ғұламжан Иристаевич қатысып, студенттердің берген сауалдарына жауап берді.