Жоғары медициналық колледж топ жетекшілерінің семинары өтті
- Қаралды: 342
09.01.2024ж. Жоғары медициналық колледж топ жетекшілерінің семинары өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен оларды іске асыру» атты тақырыпта өткен семинардың Бағдарламасы бекітіліп, топ жетекшілер өз тәжірибелерін ортаға салды.
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған семинарда ұлттық құндылықтар Ұлттық мүдде, Ар-ұят, Талап бағыты бойынша өткізілген тәрбие сағаттары мен жүргізілген жұмыстары бойынша ой бөлісті.
Семинарда 134 м/і тобының топ жетекшісі Шмаева К.Қ.,113 м/і қолданбалы бакалавр тобы жетекшісі Манатова К.К., 23 м/і тобының топ жетекшісі Абдирова Г.О., 22 е/і тобының топ жетекшісі Боккарина К.Б., 132 м/і тобының топ жетекшісі Карабаева Ж.С. баяндама жасады.Семинар соңында оқытушылар өз ұсыныстарын білдірді.