8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті

  2023 ж. қарашаның 15 күні  Астана қаласы әкімдігінің  «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК  Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Оқыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында оқыту семинары өтті.

  Мақсаты: Оқыту үдерісіндегі тиімді әдістер мен нысандарды пайдалану арқылы сапалы білімге қол жеткізу. Жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы  Жакупова М.О.  «Бақылау сұрақтарының әр түрлі нысандары және өткізу әдістері» тақырыбында баяндама оқыды. Оқытушы сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігін, яғни білім алушылардың ойлау дағдыларын дамытуға,   ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуына  қол жеткізетіні туралы айтты.Сабақ аясында бақылау сұрақтарының  тиімді және нәтижелі әдістерді қолдану жолдарымен бөлісті. 
  Колледж психологі  Кулахметова Р.М.  «Білім алушылармен қарым қатынасты орнату» атты тренинг өткізді.  Студенттің қарым-қатынас дағдылары мен икемділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік психологиялық қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, студенттермен жағымды қарым-қатынас позициясын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады деген ойымен бөлісті.

  • 1
  • 2
  • 3
2022-kz.png
© Copyright 2024 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс