8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
lrc_college@hmc-astana.edu.kz
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  Қазақстан Республикасының Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен 2023 жылғы 22-23 қазанда Астана қаласында өтетін МСАК бойынша Алматы Декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана Декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция өткізеді.
  Конференцияның мақсаты пікір алмасу, 2018 жылдан бастап МСАК бойынша Астана декларациясының міндеттемелерін орындау қорытындыларын шығару, нақты нәтижелер мен жетістіктерді көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды қамтамасыз ету үшін МСАК рөлін талқылау болып табылады. Конференция жұмысына ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің 80 ресми делегациясы, Денсаулық сақтау министрлері, халықаралық ұйымдар өкілдері, жас ғалымдар, медицина қызметкерлері және т.б. деңгейінде қатысады деп күтілуде, бұл жалпы алғанда бетпе-бет форматта 600-650 делегатты, сондай-ақ онлайн режимде 1000-нан астам қатысушыны құрайды. Іс-шара қорытындысы бойынша МСАК болашағы туралы бірлескен өтініш қабылдау жоспарлануда.

  17.10.2023 ж. Жоғары медициналық колледж 1 курс студенттеріне арналған «Студенттікке қабылдау – 2023» салтанатты іс-шарасы Жаңа Оқушылар сарайында өтті. Іс-шара  ҚР Әнұранымен ашылды. Колледж директоры Ақбала Нұрсейітқызы білім алушыларды құттықтап сөз сөйледі. 2, 3 курс студенттері Асклепия, Панацея, Гигиена образдарын шебер орындап, студенттерге білім алауы мен Сынақ кітапшасын, Студенттік билетін табыстады. 1 курс топ басшылары сахнаға шықты, білім алушылар  Ант қабылдады. Студенттер ән айтып, би биледі. Студенттерге жақсы көңіл күй сыйлады. 

  13.10.2023ж. Жоғары медициналық колледж студенттерімен «Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС өкілдері теолог Нұрахметұлы Арман, маманы Айдарқұл Марлен, психолоіг Садыкова Ж.А., Астана қ. Алматы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы полиция капитаны Айгерім М.Д., Астана қ. әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО КММ маманы - Зулбеков Нуржан және Астана қ. Алматы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Амангелді Олжаспен кездесу өтті. Дін мәселесіне қатысты, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  2023 ж. қазанның 12 күні Жас оқытушы мектебі жоспары бойынша «Замануи  сабақтың  талаптары.  Негізгі  кезеңдері» тақырыбында оқыту семинары өтті. 
  Жалпы білім беру пәндер оқытушысы Боккарина К.Б. «Критериалдық бағалау» тақырыбында  және  жалпыкәсіптік пәндер оқытушысы Тургынова Ж.О. «Замануи сабақты өткізудегі қойылатын талаптар, негізгі кезеңдер» тақырыбында  баяндамалар оқылды. Семинар барысында  сабақтың құрылымы, сабақ әдістері, сабақ түрлері және бағалау критерийлері бойынша саұрақтар көтерілді. 

 

  2023 жылдың 04 қазанда Астана қаласы Жоғары  медициналық колледж кітапханасының оқу залында Ұстаздар күніне орай “Ұстаз-ұлы есім” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу,сыйлау және қадірлеу қасиеттерін білім алушылардың бойына дарыту. Жас ұрпақты тәрбиелеу , білім беру жолындағы оқытушылардың толымды еңбегі шын пейілге және алғысқа лайық екендігін кітапханашылар ұйымдастырған кітап көрмесі арқылы студенттерге айқын жеткізеді.

2022-kz.png
© Copyright 2025 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс